Ардагерлер ардақталды
Еңбек майданында өзінің еселі еңбегімен ел ықыласына бөленіп, құрмет төрінен орын алып жүрген ардақты жандар қашан да елеусіз қалмайды. Жуырда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил мен аудандық билер кеңесінің төрағасы Т.Баймағанбетов арнайы Тұран ауылдық округінде тұратын үш ардагерге құрмет көрсетті.
Алдымен алғы сөзді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Әзімханұлы сөз алды.
Алдымен алғы сөзді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Әзімханұлы сөз алды.
– Жыл сайын аудан және ауылдық округ ардегерлеріне зор құрмет көрсетіліп келеді. Биыл түрлі салада қызмет еткен ардагерлерімізді марапаттауды жөн көрдік. «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген дана халқымыз. Шежірелі қарттарымыздың жүріп өткен жолы – жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Оның ішінде тынымсыз еңбек пен қым-қуыт шаруаның бел ортасынан табылған ауыл адамдары әрқашан құрметке лайық. Елі үшін, ұрпағы үшін аянбай еңбек ете білген алдынғы буын ағаларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деді ол.
Мұнан соң құрылыс саласының дамуына сүбелі үлесін қосып, ел құрметтісі атанған Бодыбай Құлахметов және осы ауылдағы колхозда 45 жылдан астам техниканың тілін меңгерген, майталман механизатор Нариман Әлиасқарұлы, сондай-ақ колхозда 40 жылдан астам механизатор болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан ардақты ақсақалдардың бірі Нұрбай Назарұлына ел алдындағы елеулі еңбегі үшін республикалық «Ел Құрметі» қоғамдық қорының атынан «Құрметті ардагер» медалі табысталды.
Сөз соңында аудандық билер кеңесінің төрағасы Т.Баймағанбетов «сіздерді бұдан әрі де арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, еліміздің игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деп сенемін», деді ол.
Ш.Тілеубаев