Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы
Байқау Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өтті.
Мақсаты - қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды қолдау, ынталандыру.
Аталмыш шараға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласынан бастапқы іріктеу кезеңінен өткен жоғары сынып оқушылары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 14-22 жас аралығындағы 18 талапкер қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар белгілі қазақ, орыс ақын-жазушыларының орыс тіліндегі прозалық және поэзиялық шығармаларынан жатқа үзінді оқыды.
Қатысушыларды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Сәрсенова Дариха Үмбетайқызы бастаған қазылар алқасы бағалады.
Олар үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың:
- көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
- дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
- көркем мәтінді таңдау талғамына;
- сахнада өзін-өзі ұстауына және киіміне баса назар аударды.
Әділ қазы алқасының шешімі бойынша 3-орынды Абылайхан атындағы жоғары колледжінің студенті Есенгелдиев Елдар, М. Шоқай атындағы №187 орта мектептің оқушысы Санақұлова Аружан және Жаңақорған ауданы №163 орта мектептің оқушысы Икрам Нұрсұлтан иеленсе, жүлделі 2-орын Қызылорда қаласындағы №257 орта мектеп оқушысы Теңізбай Арайлым мен Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласынан келген №272 орта мектеп оқушысы Ғалымжанова Айданаға бұйырды. Ал 1-орынға Сырдария ауданы №36 мектеп-лицейдің оқушысы Амангелдиев Хантемір ие болды. Қалған қатысушылар байқау ұйымдастырушыларының «Алғыс хаттарымен марапатталды.