Жомарт жандар ізгілікке шақырады
Апта басы шиелілік жомарт жандар үшін жақсы жаңалықпен басталды. Себебі дүйсенбі күні аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы республикалық «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығы аясында түрлі бағытта еліне жанашырлық танытып, пайдасын тигізген қайырымды жандарды арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Қайырымдылық акциясының көздеген мақсаты да осы. Еліне-жеріне пайдасы тиген жанашыр жандарды, елге үлгі боларлық азаматтардың тәжірибесін өзге азаматтарға тарату, оларды ынталандыру болып отыр.
Қайырымдылық акциясының көздеген мақсаты да осы. Еліне-жеріне пайдасы тиген жанашыр жандарды, елге үлгі боларлық азаматтардың тәжірибесін өзге азаматтарға тарату, оларды ынталандыру болып отыр.
Ендеше өзінің ізгі әрекеттерімен «Жомарт жүрек» атанып, елдің қошеметіне бөленген жандарға тоқталайық. Атап айтар болсақ, биыл «Жыл меценаты» номинациясымен – «Сауда көлік Компаниясы» ЖШС директоры Даурен Досмағанбетұлы, «Туған өлке» номинациясымен – «Жер жомарт Д» ЖШС директоры Асхат Ермаханов, «Жыл тұлғасы» номинациясымен – «Бидайкөл» шаруақожалығының төрағасы Талғат Байдалиев, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Шиелі ауданаралық ауруханасы», «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясымен – «№6 кен басқармасы» ЖШС марапатталды. Сондай-ақ аудан әкімінің алғыс хаты «Үміт» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Батталов, «Нұрасыл» шаруа қожалығының төрағасы Үсен Мырзаев, «БЕТА-К» ЖШС директоры Ерболат Машрапинге табысталды.
Жиын соңында номинация иегерлері ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, аудан азаматтарын, кәсіпкерлерді сауапты істерге әрдайым қолғабасы етуге шақырды.
Р.ӘНӘПИЯ