2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды


Түркістан қаласында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары анықталды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасында іскер азаматтарды туған өлкені түлетіп, өңір өмірін жақсартуға атсалысуға шақырған болатын. Дүйім елдің рухын жанып,, туған жеріне деген патриоттық сезімін оятқан құнды жобаның нәтижесін бүгінде ел көріп отыр. Осы жоба аясында туып-өскен ауылында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, көпбалалы отбасылар мен ата-ана қарауынсыз қалған жетім балаларға көмек қолын созып, қайырымдылық жасап жүрген жандар аз емес. Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиында бірқатар азамат «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды. Оларға «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», және «Ерен еріктілік» аталымы бойынша құрмет көрсетіліп, қала әкімінің алғыс хаты тапсырылды. Еркінбай Шалтан, қайырымдылық қор төрағасы: – Мұндай марапаттар басқа да жастарға, қоғамдағы басқа әлеуметтік жағдайларды көрсету үшін маңызды болып отыр. Шәкәрім атамыз айтқан екен: «Адамдық борыш ар үшін, барша адамзат қамы үшін, серт бергем еңбек етем деп, сертіме жету арманым, толтырар кемін, қалғанын», – деп. Жас ұрпаққа осындай үлгі-өнеге іс жасап жатсақ, нұр үстіне нұр.
www.24.kz
28 тамыз 2018 ж. 1 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930