Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕЛІ БАҚЫЛАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕЛІ БАҚЫЛАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысында көтерілген мәселе­лерге орай жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берілді.
Аймақ басшысы автомобиль жол­дары мен көшелерге жол бел­гі­лерін орнатуды, тозығы жеткен жол белгілерін жаңартуды тапсырды. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто­дәлізі бойындағы елді мекендер тұр­ғындарына малды қараусыз жібер­меуді түсіндіру жұмыс­тарын жан­дандыру қажет.
Облыстық полиция департамен­тіне автомобиль жолдарындағы ава­рия­­лық қауіпті учаскелерді анық­тау­ға, жол қозғалысы ереже­лері­нің сақ­талуына бағытталған рейд­тік іс-ша­ра­ларды тұрақты өткізу міндеттелді.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалына «Қы­зылорда-Ақтөбе» бағытындағы ай­налма жол мен «Қызылорда-Сек­сеуіл» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарын қадағалау тапсырылды.
Өңірдегі 3525 шақырым авто­мо­биль жолының 1025 ша­қырымы рес­публикалық, 555 шақырымы облыс­­тық және 1945 шақырымы ау­дан­дық маңызы бар жолдар.
Биыл жол инфрақұрылымын да­мытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден 40,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен 168 шақырым автомобиль жолы, көшелер мен көпір өткелдерінде жөндеу жүргізілуде. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында заманауи бақылау құралдары орнатылып жатыр. Жаяу жүргіншілер қатысқан жол-кө­лік оқиғалары талданып, қауіпті учас­келерге 15 «Sunqar» құрылғысы қойылды.
Аудандарда 539 бейнебақылау камерасы мен 49 жылдамдық өлшегіш іске қосылды. Қызылорда қаласында 1400 бейнебақылау камерасы, 80 зияткерлік қиылыс және 96 ста­цио­нарлық жылдамдық өлшегіш жұмыс істейді.
24 қыркүйек 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930