Балалар қауіпсіздігі басты назарда
Бейсенбі күні аудан әкімідігінде «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында жиын өтті. Оған аудан әкімі Н.Ахатов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Беркімбаев, білім бөлімінің басшысы Қанат Әмзеев пен мектеп директорлары қатысты.
Аудан әкімі Нұржан Ахатов 2020 жылы аудандағы 40 мектептің барлығы бейнебақылау камераларымен қамтылғанын, дегенмен кенттегі 9 мектепте ғана жаңа үлгідегі бейнекамералар орнатылып, полиция бөлімі интеграциялағанын айтты. Бұл мәселеге қатысты жауап берген білім бөлімінің басшысы мұндай мәселенің бар екендігін және де өзге ауылдық мектептерде интернет желісі жылдамдығының төмендігіне байланысты бейнебақылау камералары полиция бөлімімен үзіліссіз байланыс орната алмай отырғанын айтты. Себебі білім бөлімі жыл басында «Қазақтелеком» компаниясымен 4 мб/с интернет жылдамдыққа келісім-шартқа отырған. «Алайда бұл жылдамдық бейнекамералардың үзіліссіз жұмысы үшін жеткіліксіз», – дейді Қанат Әмзеев. Сондай-ақ ауылдық округтердегі бейнкамераларды жаңасына ауыстыру үшін 120 млн теңге шамасында қаражат қажеттілігі туындаған. Дегенмен бұл қаражаттың ауылы алыс екендігін мойындаған аудан әкімі мәселені жылдам, әрі аз мөлшердегі қаражатпен шешу үшін өзге жол іздеуді жөн деп тапты. Осы себепті мәжіліс залына «Қазақтелеком» АҚ филиалының басшысы мен есепшісі шақыртылып, интернет жылдамдығын қажетті 8 мб/с-қа дейін ұлғайтудың мүмкіндіктері талқыланды. Нәтижесінде компания өкілдері ауылдық округтердің 65 проценті, яғни 14 ауылдық округке интернеттің қажетті жылдамдығын қосып беруге болатынын, қосымша келісім шарт жасалу керектігін тілге тиек етті. Мұнан кейінгі әңгіме мектептердегі әжетхана жайына қатысты айтылды. Білім бөлімі басшысы ауылдық жерлерде ауыз судың мезгілдеп берілуі себепті қиындықтар туындағанын жасырмады. Соның арқасында су таратушы мекеме өкілдері «ауылдық округтерді 24 сағат бойы сумен қамтып отырмыз» деп шындыққа жанаспайтын ақпарат бергені белгілі болды. Келесі сөз кезегін алған аудандық полиция бастығының орынбасары Е.Жаукеев бөлім тарапынан балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылып отырған шаралары баяндады. Сондай-ақ мектептердегі бейнекамералар полиция бөліміне дер кезінде қосылмаса, заңдылыққа қарай шара көрілетіні баса айтылды. Ердәулет Жаукеев көтерген тағы бір мәселе жол белгілеріне қатысты болып, аталған мәселе бойынша аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Дана Аманға бірқатар тапсырмалар берілді. Нәтижесінде қыркүйекке дейін кент және ауылдық округтер бойынша білім ошақтарының айналасына қажетті жол белгілерін орнату мен жаяу жүргінші сызбаларын сызу басқа да қауіпсіздік шараларының алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілетін болды.

Жиын соңында аудандық колледж студенттері үшін қуанышты жаңалық айтылды. Себебі жолдың қарама-қарсы бетіне колледж студенттері үшін арнайы аялдама соғуға қаражат бөлініп, жуырда құрылыс жұмыстары басталмақ.
Рамазан ӘНӘПИЯ