Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құзырлы салаға қырағылық қажет

Құзырлы салаға қырағылық қажет


Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық полиция бөлімінің басшысы Д.Беркімбаев 2020 жылғы атқарылған жұмыстары жайлы есеп берді . Отырысқа Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшиддин Амитов, Штаб-басқармасының бастығы Болат Кабизов, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ақтөре Сағитов, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Сыздық, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Ауданның полиция бөлімінің басшысы Д.Беркімбаев берген мәліметке үңілсек, былтырғы жылы ауданда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында полиция бөлімінің атқарған кешенді жұмыстары нәтижесінде қалыптасқан қылмыстық ахуал тұрақты болған. Оның дәлелі ретінде өңірдегі қылмыстық құқық бұзушылықтың тіркелу саны 58 іске төмендегенін айтсақ болатындай. Есесіне криминогендік ахуал бойынша, жекелеген қылмыс түрлері өсім алған.
Сонымен, бас сақшы берген статистикаға сүйенсек, ауданда ауыр дене жарақатын салудың 2 дерегі орын алған, оның біреуі отбасылық жағдайда болса, екіншісі көшеде орын алған. Қызметтік тергеу жүргізу барысында күдіктілердің ешқандай профилактикалық есепте тұрмайтыны, бұрын-соңды сотталмағаны анықталған. Ал, тонау қылмысы бойынша 5 қылмыс тіркеліп, оның 4 дерегі ашылған, 1 дерегі өндірісте. Күдіктілерінің барлығы ІІО-ның есебінде тұратын, бұрын сотты болған тұлғалар. Сонымен қатар, ауданда алаяқтықпен айналысатындардың саны көбейіп отыр. Былтыр қылмыстың бұл түрі 70 процентке өскен. Аудандық полиция бөлімі аталған қылмыстың алдын алу бағытында жыл басынан бері жергілікті басылымдар мен әлеуметтік желілерге мақала жариялап, одан бөлек адам көп жиналатын жерлерге «Алаяқтан сақ болыңыз» деген парақшалар ілген. Кент орталығындағы Қ.Яссауи көшесінің бойына «Алаяқтыққа жол жоқ» тақырыбында билборд орналастырған.
Орайы келенде аудан әкімі Қ.Мүбәраков аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Беркімбаевқа әрбір әкімшілік аймақ бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмыстары сараланып, учаскелік полиция инспекторларының жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, өсім алған қылмыс түрлерінің деңгейін төмендетіп, алаяқтық қылмыстың алдын алу жүктеді. Жиында аудан көлемінде тіркелген ұрлық қылмыстарын ашу, бағытында криминалды полиция қызметкерлерінің жүйелі жұмыс істеуі де сөз болды. Сондай-ақ, бөтен мүлік ұрлығы, оның ішінде пәтер мен мал ұрлығы мәселесі де күн тәртібінен түспеу керектігі нақтыланды.

Елдос ЖҮСІП
26 наурыз 2021 ж. 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9188)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031