Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ


Қызылорда облысында қылмыс саны 14 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде айтылды.  Оның мәліметінше, аймақта биылғы қаңтар-қазан айлары аралығында 5968 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға төмен (2017 жылғы қаңтар-қазан айларында - 6924)."Қабылданған шаралар нәтижесінде, 10 айда облыс көлемінде 5968 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмендеді. Облыс бойынша криминогендік ахуал тұрақты", - деді полиция департаментінің бастығы. Облыс әкімінің қолдауымен полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдай және коммуналдық қызметтерді біріктіріп, орталықтандырылған "112" кезекші қызметі өз жұмысын бастады.  "Барлық қызметтерді бірыңғай нөмірге біріктіру - облыс бойынша бейнекамералардың көрсеткіштерін жүйелендіруге және шақыруларға әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Мұхитов. Сондай-ақ, кездесуде Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәулет Беркімбаев сөз сөйледі. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесуіне облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері және облыс тұрғындары қатысты.
25 қараша 2018 ж. 1 604 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930