Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақ былғары қолғап шеберлері кім мықтыны анықтады

Болашақ былғары қолғап шеберлері кім мықтыны анықтады

Өткен бейсенбіде жалауы желбіреген бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир 4 күнге созылып, жексенбі күні мықтыларды анықтады.
Бір айта кетерлігі, ауданың «Құрметті азаматы» Ә.Шорабаевты еске алуға арналған бұл бәсеке осымен 8 мәрте өткізілуде. Оған биылғы жылы еліміздің 6 облысынан 250-ден аса жас боксшы қатыстып, 15 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жас боксшылар әрбір жекпе-жекте жеңіске деген ынта жігер танытып қана қоймай, қарсыласқа деген құрметті де ұмыт қалдырмады. Ал жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте I-ші орында Ақтөбе облысының спортшылары, II-орынды Алматы облысының спортшылары, III-орынды Қызылорда, Түркістан, ­Батыс Қазақстан облысының боксшылары өз ара бөлісті.
Ал марапаттау рәсіміне арнайы қонақ ретінде аудан әкімі Нариман Әскербекұлы келіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етті. Атап айтсақ, 42 кг салмақта I-ші орында қызылордалық спортшы Михаил Тұрсынов, 44 кг салмақта I-ші орында шиелілік Нұрсаят ­Тынысбеков, 46 кг салмақта I-ші орынды ақтөбелік Ізтай Мадияр, 48 кг салмақ бойынша тараздық Мағжан Қуанышбек, 50 кг салмақта алматылық Мади Хамза, 52 кг салмақта I-ші орынды ақтөбелік Жансерік Көшербаев, 57 кг салмақта I-ші орынды алматылық Әлихан Әскер, 57 кг салмақта I-ші орынды ақтөбелік Рауан Әлихан, 60 кг салмақта I-ші орынды батыс қазақстандық Өнер Сейілхан, 63 кг салмақта I-ші орынды жамбылдық Есжан Сатыбалды, 66 кг салмақта I-ші орынды батыс қазақстандық Бекзат Хамиғолин, 70 кг салмақта I-ші орынды қармақшылық Мирас Қорғанбек, 75 кг салмақта I-ші орынды түркістандық Аралбек Қосымбай, 80 кг салмақта I-ші орынды түркістандық Азамат Адланұлы, 80 кг-нан жоғары салмақта I-ші орынды қызылордалық Әзтай Әбілмансұр иеленді. Сонымен бірге, «Жеңіске деген құштарлығы үшін» арнайы жүлдесі Түркістан облысынан келген Ілесбек Ырысбекке табысталса, жарыстың «Үздік боксшысы» номинациясы батыс қазақстанан келген Өнер Сейілханға бұйырды.

Рамазан ӘНӘПИЯ
11 сәуір 2022 ж. 828 0