Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокс бәсекесі

Бокс бәсекесі


8-10 сәуір аралығында Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Әбдіманап Шорабаевты еске алуға арналған республикалық турнир өткізілді.

Алтыншы рет ұйымдастырылған бокс бәсекесіне Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Алматы, Шымкент қалаларынан 150-ден аса үміткер қатысты. 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдерге арналған турнир тартысты өтті. Қатысушылар өз салмақ дәрежелері бойынша бірнеше топқа жіктеліп, шаршы алаңда сынға түсті. Сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы сөз алып, жарысқа қатысушы боксшыларға сәттілік тіледі. Бас-аяғы бірнеше күнге созылған бәсекеде бағы мен бабы озған боксшы жастар анықталып, 10 сәуір күні жүлделі орындар табысталды.
Жалпы командалык есепте шиелілік боксшылар топ жарып, І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Алматы облысы ІІ орын, ақтөбелік спортшылар ІІІ орынды қанжығалап қайтты.

Асылым ДҮЙСЕНБАЙ.
13 сәуір 2019 ж. 908 0