Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала би ата атындағы республикалық турнир

Бала би ата атындағы республикалық турнир

3-4 тамыз күндері аудандық спорт кешенінде қазақ күресінен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Бала би атындағы Республикалық турнир өтті.
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен және Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларынан 200- ге тарта жас палуандар келіп қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов құттықтау сөз сөйлесе, Қазақстан Республкасына Еңбегі Сіңген жаттықтырушы Марат Жақыт өз лебізін білдіріп, жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.
Турнир қортындысында жалпы командалық есепте І орынға Түркістан облысының командасы тұрақтады, Ал, жүлделі екенші Қызылорда облысы, үшінші орындарды Жамбыл облысының командалары жеңіске жетті.
04 тамыз 2018 ж. 1 214 0