Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәзікжандарға ілтипат

Нәзікжандарға ілтипат

«Адамдық негізі – әйел» дегенді М.Әуезов ­неткен даналық, тапқырлықпен айтқан десеңші! Аяулы жар, қамқор ана, білікті маман. Осының бәрі бір әйелдің бойынан табылып жатыр. Нәзік жандылар отбасының ырыс берекесін сақтап, өскелең ұрпаққа тәрбие берумен қатар, қоғамның сан алуан саласында белсенділік таныта біледі.
Сенбі күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Н.Әсербекұлы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудандағы бір топ көпбалалы аналарды салтанатты түрде қабылдап, алтын, күміс алқалармен марапаттады. Жиналғандардың ішінде ең жас көпбалалы ана – Ерсінай Сейтімханова. Жасы – 28-де. 17 жасында тұрмыс құрған Ерсінай бүгінде алты баланың анасы. Бес қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отырған жас анаға аудан басшысы «Күміс алқаны» табыстады. Ал 32 жастағы Гүлжанат Тулеева 9-шы сәбиін күтіп жүрген алтын құрсақты ана. Оны аудан әкімі еліміздегі ең жоғарғы марапат белгiсi «Алтын алқамен» марапаттады.
Жалпы аудан бойынша 2380 көпбалалы ана бар. Олардың ішінде 936 «Алтын алқа» иесі болса, 1444-і «Күміс алқамен» марапатталғандар. Кеше олардың қатарын тағы да 6 «Алтын алқалы» ана мен 28 «Күміс алқалы» ақжаулықты толықтырды. Мерекеде құрметке бөленген нәзікжандыларға Нариман Мақұлбекова жылы лебізін білдіріп, өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.
Мерекелік шара әрі қарай бір топ ардагер аналар мен ауданның дамуына үлес қосып жүрген белсенді әйелдер қауымының қатысуымен салтанатты жиынға ұласты. Ол өз сөзінде адамзат баласына өмір сыйлаған аналардың, соның ішінде бүгінгі таңда қыз-келіншектердің мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, түрлі салада табысты еңбек етіп, ер азаматтармен бірдей мемлекеттік мекемелерде, заң шығарушы органдарда, кәсіпорындар мен қоғамдық мекемелерде қызмет атқарып келе жатқандығын айтты. Сан салада абыройлы еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған жандарға жүрекжарды тілегін білдірген аудан басшысы басын иіп, құрмет көрсетті. Өз кезегінде ақ жаулықтылар да ақжарма лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

Г.ЯХИЯ

05 наурыз 2022 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930