ҚҰС ӨНІМІ ҚЫМБАТТАДЫ
Базарға барсаңыз, бағаның аспандап тұрғанын бірден байқайсыз. Әсіресе, нарықтағы азық-түлік бағасы апшыны қуырады. Баяғыдай арзаншылық жоқ. Қымбатшылық заман. Сонда да, сатып алушылар теңге мен тиынды үнемдеп қалуға барынша тырысады. Содан болса керек, әлеумет әмиянын тексеріп, қалтасын қақпайтын жерден сауда жасағанды жақсы көреді. Десек те, мына заманда қолжетімді бағаға іздегеніңді табу қиын-ақ. Ас атасынан бастап, қаптағы ұнның бағасына дейін қымбаттаған. Ол ол ма? Жұртшылық күнделікті тұрмыста тұтынатын жұмыртқа бағасы да былтырғыдай қайта қымбатшылық құрығына ілініп тұр Бағасы шарықтап тұрған мал етін үнемі сатып ала бермейтін жергілікті жұрттың күн көрісіне жарап тұрған тауықтың жұмыртқасы мен еті ғана. Осы өнімге сұраныстың жоғары болуы сондықтан.
Өткен жылы жұмыртқа бағасы өңірде 55-60 теңгеден басталып, құны 100 теңгеге дейін шарықтаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр жұмыртқа 20 процентке қымбаттаса, қаңтар айында 30 процентке дейін көтерілген. Сарапшылар бұған тапшылық пен жұмыртқаға маусымдық сұраныстың артуы себеп дейді.Ал, биылғы баға қандай? Бұрнағы жылдары жұмыртқа бағасында өсім айтарлықтай жоғары болған. Тіпті, желтоқсан қаңтар айларында тауықтың жұмыртқасы қымбаттап, оның бағасы 100 теңгеге дейін көтерілгені белгілі. Биылғы жылғы баға да мәз емес. Күн дыз ете бастап еді, сауда орындары мен дүкен сөрелеріндегі жұмыртқа бағасы 45 теңгеге өскен. Жаз айларында 39-40 теңгеге сатып алып жүрген жұмыртқаның бағасы жылдам өзгеріп шыға келді. Қаңтарда тіпті қымбаттап, «қалтамызға салмақ түседі ме?» деп алаңдаймыз, – дейді тұрғындар.
Өткен жылы жұмыртқа бағасы өңірде 55-60 теңгеден басталып, құны 100 теңгеге дейін шарықтаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр жұмыртқа 20 процентке қымбаттаса, қаңтар айында 30 процентке дейін көтерілген. Сарапшылар бұған тапшылық пен жұмыртқаға маусымдық сұраныстың артуы себеп дейді.Ал, биылғы баға қандай? Бұрнағы жылдары жұмыртқа бағасында өсім айтарлықтай жоғары болған. Тіпті, желтоқсан қаңтар айларында тауықтың жұмыртқасы қымбаттап, оның бағасы 100 теңгеге дейін көтерілгені белгілі. Биылғы жылғы баға да мәз емес. Күн дыз ете бастап еді, сауда орындары мен дүкен сөрелеріндегі жұмыртқа бағасы 45 теңгеге өскен. Жаз айларында 39-40 теңгеге сатып алып жүрген жұмыртқаның бағасы жылдам өзгеріп шыға келді. Қаңтарда тіпті қымбаттап, «қалтамызға салмақ түседі ме?» деп алаңдаймыз, – дейді тұрғындар.
Сонымен, солай дейік. «Мың рет естігенше, бір рет көр» демекші біз де құс өнімінің қымбаттағаны жөнінде ақпаратқа қанық болып, нарықтағы бағаны білмекке базарға қарай жол тарттық. Ақын Фариза Оңғарсынова айтқандай, «базар іші дуылдап тұр». Мұнда қайнаған сауда. Азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін қай дүкенге кіруді білмей дал боласың. Бірі қарапайым дүкендер болса, енді бірі «оптовый» орындар. Ең әуелі қол жетімді баға ұсынатын «Арсен» сауда орнына қарай ат басын бұрдық. Ал, мұнда жұмыртқаның бір данасы 45, 12 данасы 540 теңге. Сатып алуға болады. Бірақ, жұрттың айтқанындай бар екен. Баға былтырғыға қарағанда қымбаттаған. Былтыр бұл жұмыртқа ауданда 43 теңгеден сатылған. Хош. Ендігі кезек басқа дүкендерде. Сонымен, біз қолжетімді бағадағы біршама сауда орындарын аралауға көштік. Кезек «Қазына» дүкеніне келді. Мұндағы жұмыртқа бағасы да 45 теңгеден. Ал, халық көп баратын «Аrzan market» сауда орталығында жұмыртқа бағасының бір данасы 43 теңгеден сатылған. Яғни, басқаларына қарағанда арзан. Бірақ, оның айналасындағы дүкендерде бұл баға 47 теңгеден басталады. Базар ішіндегі баға да 47 теңгеден. Әр түрлі бағадағы бұл құс өнімі түрлі фермалардан келеді. Тұрғындар сырттан әкелінетін жұмыртқаға қарағанда, ауданнан шығатын тауық өнімін сатып алғанды хош көреді. Дәлірек айтар болсақ, «Шиелі құс» фермасының өнімін тұтынады. Бұл Шиелідегі жалғыз құс фабрикасы. Сондықтан сатып алушылардың көп екені айтпаса да түсінікті. Ал, мұндағы баға қанша? Бірге білейік.
Өңірде құс өсіріп, жұмыртқа өндіріп жүрген бірден-бір кәсіпкер – Насыр Мырзабеков. Ол «Шиелі құс» фермасының қожайыны. Кәсіпкер 2016 жылы 10 мың құспен ферма ашып, бір жылдан соң оның санын 20 мыңға жеткізген. Дегенмен өңірде құс өсіру кенжелеп, бұл кәсіпте де бірқатар мәселелер туындаған. Бұл туралы бізге Насыр Мырзабеков былай дейді:
–Биыл жұмыртқа бағасының қымбаттайтыны рас. Себебі, тауыққа берілетін құрама жем дайындау үшін әр түрлі қоспалар қосамыз. Мәселен, жемге бидайдың, жүгерінің, пісте майдың, соя сондай-ақ күнбағыстың сығындылары қосылады. Биылдың өзінде пісте майы 100, бидай 50, жем 60 процентке қымбаттады. Құрама жемде 19 түрлі қоспа болады. Мысалы, 1 тонна жемге 25 литр өсімдік майын қосамыз. Оның барлығы тауыққа күш-қуат береді. Міне, соның барлығы қымбат. Оған қосылатын дәрумендер бізге сырттан келеді. Олардың құны өскен сайын, бізге де бағаны көтеруге тура келеді. Оның үстіне біз субсидия алмаймыз. Бірақ бізге облыс әкімдігі тарапынан үлкен қолдау қажет. Себебі, құс еті мен жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімінің бірі болып саналады. Біздің фермада жұмыртқаның 1 данасы 43, 30 данасы 1290 теңге. Салмағы 65-70 гр. Күн райы салқындай бастаған кезде жұмыртқаға деген сұраныс артады. Жаз айларында оның бағасы арзандайтынын өздеріңіз де біліп отырсыздар. Қазір қоңырқай күздің уақыты болғандықтан жұмыртқаға сұраныс артып келеді. Әсіресе, желтоқсан айларында оның бағасы жоғарылайды, – дейді кәсіпкер.
– Былтырғы 10 айда облыста 6,2 млн жұмыртқа өндірілген. Бір адамға шаққанда 7-8 жұмыртқадан келеді екен (облыс халқының саны 803,5 мың адам). Ал бір адамға жұмыртқаны тұтынудың ұлттық нормасы – 142 дана. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір адамның физиологиялық нормасы жылына 243 дананы құрайды. Демек, облыста жұмыртқа өндірісі ұлттық нормадан 18,2 есе, ал физиологиялық нормадан 31,1 есе төмен. Жұмыртқа тұтынудың физиологиялық нормасын ескерсек, өңірде 195,2 млн жұмыртқа өндірілуі тиіс. Ал, бүгінгі өндіріс көлемі бар болғаны 6,2 млн. Қысқасы, өз-өзімізді қамту үшін жұмыртқа өндірісін 31 есе арттыруымыз қажет. Демек, 189 млн жұмыртқа облысқа сырттан тасымалданады, – дейді статистика мамандары.
– Мен «aidon.cakes»кондитерлік цехтің негізін қалаушымын. Бұл цех 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бізде түрлі кондитерлік өнімдер жасалады. Күн сайын балғын тоқаштар, тәтті беліштер, тіпті, ең дәмді торттарға дейін сатылымға шығады. Бағасы арзан емес. Себебі, біз сатып алатын өнімнің бәрі қымбат. Азық-түліктің қымбаттағаны кондитерлерге кері әсерін тигізіп жатыр. Былтыр карантин басталғалы бері, баға шарықтап, бизнесіміз де кішігірім кедергілерге де тап болдық. Шынымызды айтсақ, бұл кәсіпте тұралап қалдық. Неге дейсіздер ғой? Себебі, кондитерлік өнімдерге қосылатын қоспаның бәрі қымбат. Қант, май, ұн, тіпті, жұмыртқа бағасы да көңіл көншітпейді. Ал, біз бұл өнімдерсіз кәсібімізді елестете алмаймыз. Қарапайым тоқаш пен бәліштің өзіне кем дегенде 30 жұмыртқа қосамыз. Бізге бір күнде 20 латоктан бастап жұмыртқа керек. Ал, оның бағасы дәл қазір 45 теңгеден жоғары. Сондықтан бізге кондитерлік өнімдерімізді де қымбаттатуға тура келеді. Кез келген кондитерлік дүкендерде торт бағасы 5000 теңгеден бастап, 20 мыңға дейін кете береді. Бізде де солай. Бірақ, қарапайым тұрғындардың мұндай торттарды сатып алуға шамалары келе бермейді. Мерекелік кештерде, туған күндерде амал жоқ сатып алу керек болады. Біздегі бағаның өсуі азық-түліктің қымбаттауынан. Қолжетімді бағаның болғанын біз де қалаймыз, – дейді Айдана Мейірқызы.
Сонымен, өңірдегі жұмыртқа бағасының құны 43 теңгеден басталып тұрғанын айттық. Еліміздегі басқа қалаларда ше? Сараптап көрейік... Мәселен, жұмыртқаның қымбаттығы жағынан Алматы облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде жұмыртқаның бір данасы 47 теңгеден басталады. Ал, Нұр-Сұлтанда 46, Ақтауда 45, Атырау мен Қызылордада 43, Талдықорған 41, Семей 40, Павлодар 39, Шымкент пен Түркістанда 37, Қостанай, Орал, Көкшетау Ақтөбе қалаларында 36 теңгені құрап отыр. Ең арзан 34 теңгеден жұмыртқа бағаларының үштігіне Қарағанды, Тараз, Петропавл қалалары жайғасқан. Бұл қуантарлық жағдай. Дегенмен, «бұл баға тұрақталып қала ма, әлде қымбаттай ма?» деген сауал бар халықтың көкейінде.
Сымбат СҰЛТАН