Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көрген көзде жазық жоқ

Көрген көзде жазық жоқ


Орталық стадион алаңы. Яссауи көшесі беткейінде Иманжүсіп Құтпанұлының тастан қашалған тау мүсіні орналасқан. Әнші-композитор, азаттық жолындағы күрескер Иманжүсіп Құтпанұлы – қазақ тарихында орны зор тұлға. Шиелінің шырайын кіргізген батыр бейнесіне сөз жоқ. Алыстан көз тартады. Болмыс бітімін айтсаңызшы...
Бірақ, жанында жол бетіне шығып жатқан кәріз суының жағымсыз иісінен ескерткіштің қасына жақын барғың келмейді. Бір қапталында ардагерлер үйі орналасса, екінші қапталында темір жолшылар қонақ үйі бар. Міне, сол қонақ үйдің құбырынан аққан су жолдың бетіне шығып, жаяу жүргіншілерді әбігерге салуда. Аудан тұрғындарының сөзіне құлақ түрсек, балалардың жүріп-тұруына зиянын тигізуде. Әрі асфальтталған жолдың да сиқын қашырды дейді. Аудандық «Өскен өңір» газетінің фото тілшісі Бақытжан Бәйімбеттің көзіне ілінген бұл олқылықты тиісті мамандар назарға алуын сұраймыз.
17 тамыз 2021 ж. 703 0