Әлем аумағындағы темір жолдың ұзындығы – 1 млн 250 мың шақырым
Елімізде 1 тамыз – «Темір жолшылар күні» мерекесі болып белгіленген. Ал, сіздер білесіздер ме? Дүниежүзіндегі темір жолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. екен. Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) – Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жолы іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. Сондай ақ 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Темір жолдар – алыс қашықтықтардың ең қолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез келген бағытта жүргізуге болады.
Теміржолдың мықты ғой тарландары,
Пейілдері тәттірек балдан дәмі.
Сары желет, кейініп жалт-жұлт еткен,
Қандай жақсы олардың бар болғаны.
Еңбектері биіктерден көрінген,
Әрқашан да маңдай тері төгілген.
Темір жолшы болу оңай емес қой,
Сондықтан да мақтай берем көбін мен.
Сан саланың болады екен әр түрі,
Ал олардың темір дейін тәртібі.
Қаталдығы қатар жүрген қасында,
Темір жолдың осындай ғой қарқыны.
Көп мұғалім бола берсін, көп әнші,
Темір жолдың торабына қарашы.
Жол серіктің қызметін мақтайтын,
Жер жаһанда көбейсінші жолаушы.
Бүгін олар өлең болып өрілген,
Ей, қазағым орын берші төріңнен.
Теміржолшы адамдарға қарасам,
Жаралған ба деп қаламын темірден.
Тәңірберген Ақпанов,
Шиелі Темір жол тораптық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Шиелі Темір жол тораптық ардагерлер кеңесінің төрағасы