Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстанда – Сауда қызметкерлері күні

Бүгін Қазақстанда – Сауда қызметкерлері күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанда - Сауда қызметкерлері күні. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтады.

Бүгін Қазақстанда кәсіби мереке - Сауда қызметкерлері күні! Бұл салада 1,5 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл біздің еліміздің тұрғындарының 8%-ы немесе жұмыс істейтін әрбір 6-шы қазақстандық, - дейді министр.
Сұлтанов атап өткендей, сауда қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында бұл сала дамып, ал тауарлар мен қызметтедің түрлері кеңейіп келеді, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.
Бүгінгі күні сауда - экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі: сауда кәсіпорындары жетілдірілуде, заманауи қызметтер мен қызмет көрсету стандарттары енгізілуде. Сауда-саттық сонымен қатар «тауарлық» салаларды дамытудың драйверіне айналуда, өйткені сатып алушылардың өнім мен қызмет сапасына қойылатын талаптары артып келеді, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Сөз соңында министр қазақстандық сауда қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және қажырлы еңбектеріне табыс тіледі. https://baq.kz

25 шілде 2021 ж. 994 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031