Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Сенбі күні ауданымызға белгілі кәсіпкер Әбдіғани Шорабаевтың бастамасымен «Әл - Таир» сауда орталығы ашылды. Орталық базар маңынан орын тепкен сауда орталығы енді аудандағы ірі нысандардың біріне айналмақ.
«Әл-Таир» сауда орталығының жалпы жобалық құны 180 млн теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы бағдарламасы» аясында мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беріліп, қолдау көрсетілген. 3700 шаршы метр аумақты алып жатқан сауда үйінде 80-ге жуық сауда нүктелері бар. Онда тұрғындарға қажетті азық-түлік, киім кешек, дәріхана, тамақтану қызметтері ұсынылатын болады. Нысанда сау­­дагерлерге де тиісті жағдай жасалған. Сонымен бірге нысан тұрақты 8 адамды жұмыспен қамтығалы отыр. Жабық сауда орталығының ғимараты заманауи үлгіде жылдың 4 мезгіліне де қолайлы етіп салынған. Бұл дегеніміз жаңадан жұмыс орындары ашылып, тұрғындар сапалы қызметті тұтыну мүмкіндігіне ие болады деген сөз. Ал, ашылу салтанатына келер болсақ, оған аудан әкімі Қ.Мүбараков пен ауданға белгілі азаматтар қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Кейіннен сауда орталығының тұсауы кесіліп, эстарада жұлдыздары ән шырқады.

Рамазан Әнәпия
13 сәуір 2021 ж. 2 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031