Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ ЖАҢА САУДА ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕ ЖАҢА САУДА ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ



Бүгін Шиелі ауданында Конституция күніне орай, Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданы И. Әбдікәрімов көшесі № 6 А мекен жайынан «Ханшайым» шағын маркеті пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жиналған жұртшылықты 30 тамыз - Конституция күнімен құттықтай келе, жаңа кейіпке енген сауда нысанының лентасын қиып, ашылу рәсімін жасады.
Сауда орынының жалпы аумағы 400 шаршы метр. Жобаның жалпы құны 46 млн. 500 мың теңге. Кәсіпкер өз қаржысы есебінен 36 млн 500 мың теңге қаржы жұмысаса, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Халықбанкінен» 10 млн теңге несие қаражаты алынып, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы пайыздық үстемесі субсидияланды. (15% субсидия 7,5%) Шағын маркетте халық тұтынатын азық-түлік, химия өнімдерінің барлық түрі тұрғындарға қол жетімді бағада сатылуда. «Ханшайым» сауда орнында тұрақты жұмыспен 7 адам қамтылуда.
Сондай-ақ, Шиелі кентінің сауда үйлерінің қатарын «Ұлытау» сауда орталығы толықтырды. Аталған сауда орталығының 1-ші қабатында ыдыс-аяқ және тұрмыстық заттар сатылса, 2-ші қабатта тігін шеберханасымен қатар той көлектері жалға берілетін болады. Тұрақты жұмыспен 3 адам қамтылуда.
31 тамыз 2018 ж. 3 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031