Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда Қазақстанның сауда үйі ашылады

Қытайда Қазақстанның сауда үйі ашылады




Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында Қазақстанның сауда үйі ашылады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«19 қазанда Қытайдың Сиань қаласында Қазақстанның сауда үйін ашу жоспарланған. Бұл сауда үйі 5 мың шаршы метрді құрайды. Одан бөлек, тауарларды сақтау үшін 10 мың шаршы метр қойма беріледі. Осылайша, қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін қытайлық кәсіпкерлерге ұсына алады», - деді ол Астанада өтіп жатқан «Бір белдеу - бір жол» идеясының бесжылдығына арналған Қазақстан-Қытай бизнес форумының кулуарында.
Нұралы Бөкейхановтың айтуынша, Шэньси провинциясында ашылатын Қазақстанның сауда үйі showroom ретінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда аталған сауда үйінде жұмыс істеуге 25-тен астам қазақстандық кәсіпкерден өтініш түскен.
Айта кетейік, елордада өтіп жатқан бизнес форумға қытайлық 150 компания, Қазақстан тарапынан 300-ден астам компания қатысуда.


Baq.kz сайты
30 қыркүйек 2018 ж. 1 105 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930