Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты.
Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары – біздің ертеңгі үмітіміз, сеніміміз, тірегіміз. Қай уақытта да жастар – еліміздің даму драйвері. Жылдық тарихы бар Тәуелсіз елімізде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы – жастарды қолдау және адами капиталды дамыту, - деді ол.
Бүгінде елімізде тәуелсіз ұрпақтардың саны 3,8 млн немесе жалпы халықтың 20 пайызын құрайды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік жастар саясаты саласында Жастар жылын өткізу бойынша жол картасы және Жастарды қолдау жөніндегі 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр. Елде іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға 1 млн-нан астам жас қамтылып, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізіп жатыр, - деп атап өтті комитет төрағасы.
Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің абыройын асыратын талантты ұл-қыздар екенін айтқан болатын.
Осы бағытта жастарды қолдау және оларды жан-жақты дамуына бағытталған мемлекеттік қолдаулармен қатар өз бастамаларын жүзеге асыруға ынталандыру үшін бірқатар сыйақы мен грант жобалары сәтті жүзеге асырылып жатыр. Олар барлық салада бар, - деп түсіндірді Байманов. https://baq.kz/