Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жастар саясаты аясында 37 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда

Қызылорда облысында жастар саясаты аясында 37 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда


2018 жылы Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 519 млн. теңге қарастырылған, оның 176 млн теңгесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бағытталған. Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі хабарлайды. Облыста жастар саясаты саласында барлығы 37 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ауыл жастарын әлеуметтендіру, еріктілердің тиімді жұмысының жүйесін, жастардың бойында жоғары патриоттық санасын, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, педагогикалық, жас құрылысшылар, "Жасыл ел" еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру, жастар шығармашылығын дамыту, ҚР Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және әскери қызметін насихаттау, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жұмыс жасалып жатыр. Өңірде 2021 жылға дейін арналған мемлекеттік жастар саясатын дамытудың Жол картасының аясында біршама жұмыстар жүруде. Атап айтқанда, жастарды жұмысқа баулуға, қоғамдық жұмыстарға тарту, кәсіптік дайындық пен біліктілікті көтеруге, NEET санатындағы жасөспірімдермен жұмыс жасауға бағытталған бағдарламалар іске асырылуда Өндіріс орындары мен мекемелерде жастармен жұмыс күшейтілген. Оқу орындарында 30-дан астам жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасайды, кәсіпорындар мен мекемелердегі олардың саны 20. Комитет басшылары облыстық жастар ресурстар орталығы жанынан құрылған үйлестіру кеңесінің құрамына кіреді. Өңірде 9 жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасайды. Барлық қызметкерлер саны 103. Облыстық орталықпен 16 жоба жүзеге асуда. Атап айтқанда, "Жас кеңесші", "Жастар қоғам назарында", "Жас Отау", "Эрудит", "Жас маман", "Еріктілер мектебі" т.б

Источник: zakon.kz

22 қазан 2018 ж. 1 113 0