Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина – індетті жеңудің төте жолы

Вакцина – індетті жеңудің төте жолы


17 маусым күні аудан әкімінің орынбасары А.Есмахановтың төрағалығымен «COVID-19» инфекция­сы таралуының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс барысына бақылау жасау мақсатында мәжіліс өтті.
Отырысқа Шиелі аудандық орталық ауруханасы бас дәрігердің орынбасары Б.Мұсағалиева, дербес бөлім басшылары мен ­зия­лы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері және ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы қатысты.
COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «ауданда вакцинацияны қарқынды ұйымдастыру» күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде қаралды. Бұл жөнінде бас дәрігердің орынбасары Б.Мұсағалиева хабарлама жасады.
Қазіргі таңда вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Оған аудандық емханадан 3 арнайы бөлме, 4 мобильді топ, 8 дәрігер, 18 мейіргер бөлінген. Жалпы жыл басынан бері 9170 адам вакцина салдырған. Оның 9170-і бірінші турын, 4583-і екі турын алған. Қазір, ауданда 1-дозадан 4540, 2-дозадан 2327 дана вакцина бар.
Бас дәрігердің орынбасары Б.Мұсағалиеваның айтуынша, аудан бойынша вакцина егу кенттегі 4 мекен жайда орналасқан. Олар:
1. Аудандық емхана /егу бөлмелері №109, №209/. Мекен жайы: Шиелі кенті, Жайлыбаев №58. Байланыс телефоны: 8/72432/4-64-34
2. Ауылдық емхана /егу бөлмелері №10/. Мекен жайы: Көкшоқы елді мекені, Ә.Палымбетов №7. Байланыс телефоны: 8/72432/4-64-34
3. «Болашақ» дәрігерлік амбулатория /егу бөлмелері №1/. Мекен жайы: Шиелі кенті, Досбол датқа №13. Байланыс телефоны: 8/72432/4-64-34
4. Ә.Шорабаев базары, Әл-Таир сауда үйінің 2-қабаты. Байланыс телефоны: 8/72432/4-64-34
Мәжіліс отырысын қорытындылау барысында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов жыл басынан бері ауданымызда күн сайын індет жұқтырған науқастардың саны көбейіп жатқанын айтып, екпе егу жұмыстарын күшейтуді тиісті сала басшыларына тапсырды.

«Өскен өңір» ақпарат
22 маусым 2021 ж. 339 0