Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.ШӘМЕНОВА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШИЕЛІ АУДАНЫНА КЕЛДІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б.ШӘМЕНОВА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ШИЕЛІ АУДАНЫНА КЕЛДІ

Кеше облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова арнайы жұмыс сапарымен Шиелі ауданына келді.
Балжан Мөрәліқызы Шиелі ауданында санитарлық эпидемиологиялық ахуалмен танысып, тұрғындар арасында жаппай екпе салдыру жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыс сапары аясында Сұлутөбе ауылдық амбулаториясының жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Тұрғындармен кездесуде, індеттің алдын алудың басты жолы вакцина салдыру және екпенің денсаулыққа зияны жоқ екенін, ал вакцина салмай жүру өзінің де, өзгенің де денсаулығына зиян тигізетінін баса айтты. Одан кейін Бала би ауылының және Бәйгеқұм ауылдық округінің денсаулық нысандарымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, санитариялық эпидемиологиялық ахуалдың алдын алу бағытында тиісті атқарылып жатырған жұмыстардың барысын жеткізді.
Б.Шәменова Шиелі кентіндегі Салтанат сарайында бала-бақша меңгерушілерімен кездесіп, бала-бақша меңгерушілердің қойған сұрақтарына жауап берді. Балабақшалардағы тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді індеттен сақтау мақсатында екпе салдыру қажеттегіне тоқталып, қауіпсіздіктің алдын үшін ұжымдық имунитет қалыптастыру бағытында жұмыс жасауға шақырды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Б.Шәменованың қатысуымен және аудан әкімі Қ.Мүбараковтың төрағалығымен аудандағы кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесуде ауданда короновирус індетінің алдын алу, санитарлық эпидемиологиялық ахуалды сақтау, тұрғындар арасында ерікті түрде жаппай екпе салдыруды түсіндіру, ұйымдастыру мәселелері талқылынды.
Сонымен бірге, кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық пен ауданның зиялы өкілдері, дербес бөлім басшылары, Zoom платформасында ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Сапар қорытындысымен, Б.Шәменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шайымбетов Шиелі аудандық орталық ауруханасының жұмысымен танысып, аурухана қызметкерлеріне коронавирус індетіне қарсы жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Шиелі ауданының әкімдігі

06 маусым 2021 ж. 606 0