Шетте қалған шаруашылық: Алмалылықтардың ендігі амалы...
Редакцияға келген алмалылық шаруалар аяқ су тапшылығынан зардап шегіп жатырмыз дейді. Мұндағы мәселе Л-6 каналы бойындағы ескі су тоспаларының жабылып қалуы. «Түйіткілдің тереңіне бойласақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы салынған сәтте орын алған олқылықтар бар» дейді «Несібе» шаруа қожалығының төрағасы А.Шакиров.
Көктем шыға дала жұмысы қыза түсетіні баршаға аян. Енді 2 жұманы өткерсе, қыс бойы көбесі қатқан жерді жарып көк шыға бастайды. Табиғаттың тамаша тылсымымен қатар, диқандар да егістік даласындағы тіршілігіне кіріседі. Ертерек сайманын сайлап, егін науқанына дайындықты бастаған шаруалар үшін аяқ судың маңызы зор. Себебі өткен жылғы су деңгейінің төмендігі аудандағы шаруа қожалықтар үшін өзіндік себеп-салдарын тигізген болатын. Ал несібесін жерден іздеген «Несібе» шаруа қожалығымен қатар «Сыр», «Нұр», «Бекзатхан», «Диқаншы», «Бауыржан» т.б шаруа қожалықтары Л-6 қаналы бойында орналасқан ескі су тоспаларының жабылып қалуына байланысты егістік жерлерін игере алмай отыр.

– «Алмасы бал татитын Алмалы еді» деп, «Өскен өңір» газетінде мақала жарық көрген болатын. Расында, Алмалыда бұрын үлкен алма бақ болатын. Қысы жазы алма, жүзім, көкөніс үзілмейтін Алмалының бүгінгі күні аты затына сай болмай тұр. Су болмаған соң өнімде жоқ. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі «Несібе» шаруа қожалығына қарасты жерді екіге жарып өтеді. Бұрындары Алмалыға қарасты 3 су тоспасы болатын. Ал қазір оның біреуі ғана қалған. Аталған жол құрылысы жүрген сәтте су тоспасы жүретін құбырлар алынып қалды. Сол кезде аудандық ауыл шаруашылығына жауапты Т.Жағыпбаров болатын. Жол құрылысы біткен соң жаңа су тоспасын салып беруге уәде берген еді. Бірақ бұл мәселе әлі күнге шешімін таппай келеді. Бармаған құзырлы мекеме қалмады, – деді А.Шакиров.
Ал осы мәселенің бір ұшын Талаптан ауылдық округіне тіреген «Сыр» шаруа қожалығының төрағасы И.Нұрмырзаев Л-6 каналы бойындағы ескі 50 бекеттегі су тоспасын қайта қалпына келтіру керектігін айтады.
– Л-6 каналының аяғын Талаптан ауылының шаруалары тереңдетіп қазу себебінен, ауыл диқандары су тапшылығын сезініп, егу жұмыстарында қиындықтар туындап жатыр. Өткен көктемде көкөністер егумен ғана шектелдік. Оның өзінде су тапшылығы тіршілігімізге қол байлау болды. Күріш еккіміз келеді. Бірақ ол көп суды қажет ететін дақыл, – деді шаруа.
Аталған каналдың ұлтанына қазу жұмыстарын жүргізсе биікте орналасқан жер телімдеріне су шықпай қалатынын жеткізген шаруалардың түйіткілі су тоспасына келіп тірелді.
Алмалы атына сай болмауының себебі осы ма?
Алмалыдағы диқандардың мәселесіне құлақ түрген соң, сол ауылдың бұрынғы алма бағын еске алдық. Кеңес одағының тұсында ауданға қарасты Алмалы ауылындағы алма бақ та аймақтың ажарын айшықтап тұратын. Ал қазір елді мекеннің келбетіне қарап, бір кездері алманың отаны болған деп айту қиын. Ауылдың атына заты сай болмай тұрғаны Әлияр Сейітов ағамызды да алаңдатып жүр екен. Аудандағы ауыл шаруашылығында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ол – аталған салада толайым табысқа жетіп жүрген майталман маман. Ал бір таңғаларлығы, кезінде 264 гектар аумаққа алма, 111 гектар жерге жүзім егілген Алмалы ауылынан қазір сол жемістерді таппайсыз. «Іскер басшы Мұхит Исмаил Алмалы совхозының директоры болған тұста жыл сайын алма бақтан 1200 тонна алма жиналатын. 560 тонна жеміс сақтауға арналған мұздатқыш қоймасы, үш ауысыммен жұмыс істейтін цехы, 20 шақты жылыжайы да бар еді. Мұндағы алма жыл он екі ай бойы аудан халқын қамтуға жетіп артылатын. Кейіннен алма бақ талан-таражға түсіп, жерін ауыл тұрғындары бөлісіп алды. Алмалының аты затына сай болмауы аяқ судың тапшылығынан емес, ауызбіршіліктің болмауынан. Егіс даласына айналдырып, қауын-қарбыз егеміз деген шаруаларды барынша аяқ сумен қамтуға тырысуда. Ауылда 12 шаруа қожалық бар. Олар бірігіп Л-6 каналы 70 бекет тұсындағы су тоспасына бір мәрте қақпақ қойған болатын. Бірақ ол қолды болып кетті.

Содан бері қайта қақпақ алынбады. Басқа Талаптан, Ортақшыл, Жансейіт секілді ауылдарда су тоспасының басында кезекшілік ұйымдастырылып, су реттеушілер отыр. Осы секілді ұйымдасқан жұмыс болмай, аяқ су мәселесі бірден шешім таба қоюы екіталай» екенін тілге тиек етті.
Талаптанда тек тазарту жұмысы жүргізілді
– Талаптан ауылдық округіне қарасты Л-6 каналының бойында «Бала би 2004» өндірістік кооперативі, «Нұр-Асыл», «Жанерке», «Талаптан-2» шаруа қожалықтарының егістік жерлері мен шабындық жері бар. Каналдың ішінде қоға өсіп, ұлтаны көміліп қалу себебінен жылда аяқ су тапшылығын көріп келді. Бұл мәселені шешу үшін аталған шаруа қожалықтар бірлесіп, өз қаражаттары есебінен экскаватор жалдап, каналды тазалау жұмыстарын жүргізді. Ауылдағы шаруа қожалықтардың басын біріктіріп, тазалау жұмыстарын ұйымдастырған «Бала би 2004» шаруа қожалығының төрағасы П.Күзембаев арнайы техника алдырды, – деді Талаптан ауылдық округінің әкімі А.Өмірәлі.

2017 жылы Талаптан ауылдық округінің азаматтары П.Алтынбайұлына хабарласып, туған жерге келіп қызмет жасауға шақырады. Қашанда елім деп ауылына қарайлап жүретін азамат ауылдағы игерусіз жатқан шағын егіс алқабын қайта қолға алуға бекінеді. 1985 жылдың аяғына таман жем-шөп қорын жинақтау мақсатында қазіргі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының тау жақ беткейіндегі «Оқшы ата» мазаратына қарама-қарсы жерде жабайы алқаптан Кеңес үкіметі кезінен қалып қойған суармалы егістік алқабын ашады. Енді ғана қолға алына бастаған егістік жер Кеңес үкіметі құлаған сәтте қараусыз қалып қойған болатын. Кейіннен тәуелсіздік жылдары кезінде 1991-2000 жылдардың тұсында қайта кішігірім күріш егумен айналысып бастағанымен көпке бармай тұралап қалады. Ен дала иесіз жатпасын деп көрші ауылдың диқандарына өткізгенімен жер игілігін көрген адам болмайды. Қаншама жылдан бері қараусыз қалған жердің тоз-тозы шығып, қалың қоға қаптаған. Жалпы, Талаптан ауылы Кеңес үкіметі кезеңінен бері бірыңғай мал шаруашылығымен айналысып, төрт түлігін төлдеткен халық. Егін шаруашылығына небәрі 500 гектар жерді бөлсе, қалған мыңдаған гектар жер мал өрістететін жайылымдық жерлер. Кепілде тұрған жерді қайта жандандыру бір келсе туған жердің түлегі П.Күзембаевтың қолынан келеді деп ауыл адамдары үміт етіп, кәсіпкерге хабарласқанда сенімдері ақталып, үлкен қаражатты қажет ететін шаруаны ойланбастан орайына келтіруге бекінеді. Осылайша 30-40 жылдан бері түртусіз жатқан жерді қайта егіс алқабына айналдыруға іске кіріседі.
– Ауыл халқының өтінішімен 2017 жылы Л-6 каналы бойындағы Талаптан ауылына қарасты су тоспасын тазарту жұмыстарын қолға алған болатынмын. Себебі, егістік алқабының тоз-тозы шығып, канал бойын қоға қаптаған. Бұл мәселені көтеріп, халық канал ішін тазалау жұмыстарын айтып жүргелі ауданда 3 әкім ауысты. Соңында шаруа қожалық төрағалары бірлесіп, қаржы жинап, арнайы техника шақыртып, канал бойын тазалау жұмыстарын жүргіздік. Алайда, су тоспасына ешқандай зиян келген жоқ, – деп түйіндеді сөзін төраға.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолындағы қиындық
Жоғарыда атап өткен «Несібе» шаруа қожалығы өткен жылы 66 гектар жерінің 21 гектарына ғана көкөніс еккен. Алмалыдағы 12 шаруа қожалық 660 гектар жерге егін егіп, халықты жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының арғы бетіндегі 2000 гектар жерді игілікке жаратып, егін егуді қалайтын шаруалардың тағы бір мәселесі – жол. Неге?

– Алмалының тұсынан айналып өтер жол жоқ. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы салынғанда өткел есепке алынбаған. Сондықтан ауыр техникалар Ақтоған, Бәйгеқұм ауылдарымен айналып өтуге мәжбүр. Бірақ аталған ауылдың тұрғындары ауыр техникалардың жүруіне қарсылық білдіріп отыр, – дейді А.Шакиров.
Бұл мәселенің анық-қанығын білмекке аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Аманға хабарласқан болатынбыз.
– Өткел мәселесі айтылып жүр. Оны алдағы уақытта шешу үшін жоспарлар қаралуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы облыстық маңыздағы жол болғандықтан 30-40 тонна жүгі бар ауыр техника болмаса, егінге қажетті техникалардың жүруіне рұқсат берілген, – дейді.Аталған мәселеге Ақтоған ауылдық округінің әкімі Е.Ахметов те осы сарында жауап қатты.
Құзырлы орган бүй деді...
Өткен жылдың соңғы айында ескі аяқ су тоспасын алғашқы қалпына келтіру мәселесін көтеріп хат жолдаған «Несібе» шаруа қожалығының төрағасы А.Шакировқа аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ««Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, шаруашылықаралық Л-6 каналының 10 шақырымы филиал теңгеріміне жататындығын және бойындағы ескі тоспа құрылыстары филиал теңгерімінде емес екендігін хабарлай келе, канал бойында орналасқан шаруашылық құрылымдары өзара бірлесіп ескі су тоспа құрылысын қалпына келтіруі тиіс» екендігін айтады.

Бұл мәселені аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, аудан прокуроры Н.Дүйсенбаев, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет те көтергенімен Л-6 каналының 10 шақырымы «Шиелі су шаруашылығы» филиалының теңгеріміне кіргенімен ескі су тоспасы теңгерімге жатпайтындығын анықтап, қаржы қаралмайтындығын растаған.
Ал ескі су тоспасы кімнің теңгерімінде?
Осы сұрақ бойынша аудандық ауыл шаруашылық бөліміне хабарласқан едік. Алайда мамандар аталған 50 бекеттегі ескі су тоспасы кімнің теңгерімінде екені белгісіз, зерттелу үстінде екенін айтты.
Осы сұрақ бойынша аудандық ауыл шаруашылық бөліміне хабарласқан едік. Алайда мамандар аталған 50 бекеттегі ескі су тоспасы кімнің теңгерімінде екені белгісіз, зерттелу үстінде екенін айтты.
Ал аудан әкімінің экс орынбасары, қазіргі аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров «А.Шакировқа жаңа су тоспасын салуға уәде бергенім жоқ. Сол кезде «Несібе» шаруа қожалығының үстінен өткен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы салынарда төрағаға жер шығыны төленген. Аталған шаруа қожалыққа аяқ су барып тұр. Кейін шлюзді ретке келтіріп алуға болады дегенмін» дейді.
Диқандарға енді қайтпек керек?
– Мен қазір қалалық «Қазсушар» филиалында жұмыс істеудемін. Бірақ бұл мәселеге қанықпын. Алмалылық шаруалар бірлесіп су тоспасының құрылысын өз қаражаттары есебінен жүргізуді ұсынған болатынбыз. Талаптан ауылдық округінің шаруалары секілді ауызбіршілік танытып, ескі тоспа құрылысын жүргізсе суды реттеп беруге болады» – деген екен экс «Шиелі су шаруашылығы» филиалының басшысы Ә.Мақұлбеков.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ