Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ АРТУЫ –ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

ЕСЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ АРТУЫ –ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

Құрметті аудан тұрғындары!
Ел өміріндегі елеулі оқиғалармен есте қалған 2020 жылды артқа тастап, жаңа үмітпен, жайдары бастамалармен, алдымызға жаңа мақсат, биік мұраттар қойып, ең асыл да, ең қымбат қазынамыз – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына аяқ бастық.
Өткен жылға көз жүгіртсек, барлық сала бойынша ауданды дамыту қорытындысы оң өзгерістерге толы болды. Бұл әлеуметтік-экономикалық саланың сенімді қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетеді және одан әрі өсу үшін мүмкіндік пен күш-қуат бар деп сеніммен айта аламыз.
Дегенмен де өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп деген дана халқымыздың тәмсілі - жаңа жылға жаңа үмітпен қарап, біздің алдағы жоспарларымызды бағамдап, бізге жүктелген ел игілігі мен аманатын, ел әлеуетін одан әрі арттыру мен еселей түсу бағытында бізді жігерлерлендіріп үлкен жауапкершілікке жетелейді.
Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына өз Жолдауын арнады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдау­ында қоғамдағы тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін біздің алдымызға нақты 11 міндеттерді айқындап берді.
Анықтама үшін:
І. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі; ІІ.Жаңа жағдайдағы экономикалық даму. ІІІ.Теңгерімді аумақтық даму; ІV.Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық; V.Қолжетімді әрі сапалы білім; VІ.Денсаулық сақтау саласын дамыту; VІІ.Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау; VІІІ.Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында; ІХ.Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі; Х.Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы; ХІ.Ұлттың жаңа болмысы.
Он бір тараудан тұратын осы міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі бағдарламалық құжат.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды, әлемдік аренада абырой-беделге ие болдық» деп атап өтті.
Үстіміздегі жылдың басында Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт­­­ Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласында егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді.
Мемлекет басшысының мақаласы республика тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Президент елдің қалыптасуы мен дамуындағы үш он жылдықтағы негізгі кезеңдерді анықтай отырып, алдағы он жылдықтағы міндеттерді атады.
2021 жыл елімізде үлкен саяси науқанмен басталды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Бұл сайлауда да аудан халқы саяси сауаттылық танытып, халықтың әлеуметтік мәселелеріне жауапкершілікпен қарайтындықтарын көрсетіп, үлкен ұйымшылдық байқатты. Ел өз таңдауын жасады.
Былтырғы жылғы қиындықтарға қарамастан ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар атқарылды.
Осы ретте, 2020 жылы аудан экономикасының әр саласында жүзеге асырылып жатқан басты жұмыстарды назарларыңызға ұсынамын.

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ
Аудандық бюджеттің кірісі 2020 жылдың 12 айына болжамдалған 25 млрд 482 млн теңгенің орнына 26 млрд 73 млн. теңгеге немесе 102,3 процентке орындалды. Оның ішінде, өз кірістеріміз 2 млрд 428 млн теңгенің орнына 3 млрд 19 млн теңге болып 124,3 процентке артты.
2020 жылға бюджеттің шығыстар бөлігі жалпы 27 млрд 699 млн теңгеге жоспарланып, 99,5 процентке игерілді.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
2020 жылы ауданның өнеркәсіп орындарында 39,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 100,3 процентке артып отыр.
Өңдеуші өнеркәсіптері бойынша өндірілген өнім көлемі 16,5 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексімен салыстырғанда 119,4 процентке орындалды.
2020 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5241 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 108,6 процентке артты.
Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 4 875-і құрап, олардың үлесі 93 %-ке жетті. Тиісті кезеңмен салыстырғанда 110,3 процентке артты. (жеке кәсіпкер-2793, шаруа қожалық-1903, заңды тұлға-545)

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2020 жылға арналған негізгі индикаторларының іс-шара жоспарына сәйкес, ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 31 млрд 533 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 процентті құрады.
Егін шаруашылығы
Өткен жылы аудан бойынша 29 460 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. (Оның ішінде: дәндi дақылдар үлесі 1 727 га, майлы дақылдар 1 100 га, мал азықтық дақылдар 7 437 га, картоп, көкөнiс, бақша 4 843 га)
Негізгі дақыл күріштің көлемі – 14 353 га құрады. Егілген егіске қажетті минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер толығымен алынып, игерілді.
Өткен жылы бидай дақылдары толық орылып 2633 тонна өнім жиналды. Сонымен қатар, мал азығының қорын жасақтау мақсатында барлығы 122,1 мың тонна шөп жиналды. (Оның ішінде: жоңышқа 41 мың тонна, табиғи шөп 81,13 мың тонна)

Мал шаруашылығы саласы
Аудан бойынша төрт түлік мал саны – 207 671. Ірі қара – 64300, қой мен ешкі – 92114, түйе –1454, жылқы – 18520, құс – 31283 басты құрады.
Барлық төрт түлік мал саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 105,8%-ке, қой мен ешкі 114,1%-ке, жылқы114,9%-ке, түйе 108,2%-ке, құс 111,5%-ке өсті.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда барлық түрлерінен өсім бар.



ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ
Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 6 млрд 574 млн теңгені құрады.
2020 жылы 52691 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,1 процентке орындалды. (2019 жылы 48747 шаршы метр пайдалануға берілді)
Құрылыс-монтаждау жұмыстары, нысандарды салу
2020 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттерден барлығы 4 нысанға 851,5 млн теңге қаржы қаралып, 153,0 млн теңге игерілді.
Атап айтқанда, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шиелі кентіндегі Шұғыла-2, Шұғыла-3 жəне Шығыс-4 мөлтек аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым дамыту жəне жайластыру тас жолдарының құрылысы жұмысына барлығы 145 881,2 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді.
Шиелі кентіндегі үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жұмысына облыстық бюджеттен 104 323,0 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді.
Шиелі кенті Береке шағын ауданында 3 бөлмелі бір пәтерлі 25 тұрғын үй салу жұмыстарына 233 870,0 мың теңге, Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы жұмысына республикалық және облыстық бюджеттерден 2020 жылға 195 054,9 мың теңге қаралып, 2021 жылға құрылыс жұмыстары толығымен аяқталатын болады. Сонымен қатар Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Тартоғай елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы жұмыстарына барлығы 401 172,2 мың теңге (оның ішінде РБ-363 769,2 мың теңге; ОБ-37 403,0 мың теңге) қаржы қаралып, бүгінгі таңда нысан бойынша 293 дана көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 28,38 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін 19,26 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді. Сонымен бірге Сұлутөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы жұмыстарына барлығы 200 139,98 мың теңге (оның ішінде РБ-174 560,48 мың теңге; ОБ-25 579,5 мың теңге) қаржы қаралып, нысан бойынша 184 дана көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 18,84 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін 9,02 шақырым ауыз су құбырлары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілді. Қазіргі таңда барлық ауыл тұрғындары таза ауыз суды пайдаланып отыр.
Жол картасы бағдарламасы аясында Сұлутөбе елді мекенінен М.Шоқай аллеясының құрылысы жұмыстарына барлығы 50 108,5 мың теңге, Байсын ауылына жеткізуші газ құбыры және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы жұмыстарына барлығы 204 575,2 мың теңге, Жиделіарық елді мекенінде 150 орындық ауыл клубын салу жұмыстарына барлығы 180 156,2 мың теңге, Шиелі кенті Бұдабай көшесі №58 мекенжайында стритбол және спорт алаңының құрылысы жұмыстарына барлығы 10 175,9 мың теңге қаралып, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

ИНВЕСТИЦИЯ
2020 жылы аудан бойынша негізгі қорға инвес­тиция тарту жоспары 11,0 млрд теңге болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 13 млрд 834 млн теңгеге орындалды немесе 125,7 % артты.


ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ
Ауданда 145,4 шақырым аудандық, 101 шақырым облыстық, 80 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, Сырдария өзенінде екі қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолдарының 124,5 шақырымы, яғни 83,7 проценті жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Облыстық және республикалық маңыздағы автомобиль жолдары 100 процент асфальтталған.


Кент және ауылдық округ елді мекендерінде 437 км жол тораптары бар. Олардың тиісінше кентте 51,5 км және елді мекендерде 46,5 проценті асфальтталған.


«Жұмыспен қамту жол картасы»
аясында
Жұмыспен қамту жол картасы аясында 4 нысанның құрылысына барлығы 822 532,0 мың теңгеге қаражат бөлініп, 4 нысан пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстары кезінде барлығы 91 адам жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылған.
Нақтырақ айтсақ: «Қызылорда облысы Шиелі ауданының Шиелі станциясының «Шиелі-20 бекет» учаскесіндегі 2945 шақырымындағы қос жолды темір жол арқылы автомобиль жолы көпірін салу» жұмысына барлығы 653 541,51 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде барлығы 63 адам жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылған.
«Самара-Шымкент-Жөлек» автомобиль жолы бойындағы ПК-0,4 шақырымындағы көпірге орташа жөндеу жұмысына барлығы 12 836,01 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде 3 адам жергілікті Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылған.
«Самара-Шымкент» автомобиль жолы бойындағы Жөлек учаскесіндегі Сырдария өзенінен өтетін қалқымалы көпірді күрделі жөндеу жұмысына барлығы 103 296,26 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде 15 адам жергілікті Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылған.
«Шиелі кентіне кіре беріс аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент» автомобиль жолы бойына көше жарығын орнату» жұмысына барлығы 52 857,97 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. Құрылыс жұмыстары кезінде 10 адам жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылған. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, 145 дана көше жарық шамдарының бағаналары мен 248 дана жарық шамдары орнатылды. 5,52 шақырым жарық шамдарының сымдары жүргізіліп, қуаттылығы 160 кВА болатын 1 дана трансформатор (КТПН), 4 дана электр желісінің бағаналары мен 0,22 шақырым электр желісі жүргізілді.
Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру Шиелі ауданындағы аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Майлытоғай» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысына барлығы 102 448,1 мың теңгеге қаржы бөлініп, игерілді.
Шиелі ауданындағы аудандық маңызы бар «Жиделіарық елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысына барлығы 65 996 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
Шиелі ауданының М-32 «Самара-Шымкент» аудандық маңызы бар 6,5 шақырым «Самара-Шымкент» автомобиль жолын (ПК 1921-1927,5) қайта құрылымдау жұмысына барлығы 49 941,7 мың теңгеге шарттар жасалынып, ағымдағы жылы аяқталатын болады.
Аудандық маңыздағы 90 шақырым автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмысына барлығы 36 800,8 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
Шиелі кентіне 8 дана бейнебақылау камераларын орнату жұмысына 8 880 мың теңге келісім шарттар жасалынып, Шиелі кентіндегі М.Шоқай, Оразов, Ағыбай батыр, «Самара-Шымкент» трассасымен И.Әбдікәрімов көшесінің қиылысына, Бидайкөл, Сұлутөбе елді мекендеріне орнатылып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Шиелі кентіндегі 16 бейнебақылау камераларын күтіп ұстау жұмысына 1 183 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді.
Жаңа индикаторлық бағдаршам орнату жұмысына барлығы 2 690 мың теңгеге келісім шарттар жасалынып, Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданындағы И.Әбдікәрімов және Палымбетов көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның орнына жаңа бағдаршам орнатылды.
Ауданымыздың орталығы Шиелі кентін абаттандыру мен кент көшелерін жарықтандыруға жұмыспен қамту бағдарламасы аясында барлығы 349,7 млн теңге қаражат бөлініп, Яссауи көшесі бойында демалыс аллеясы, Көкшоқы мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылды, Тоқтаров, Бекежанов, Қоңыратбаев, Аймауытов, Әл-Фараби көшелеріне жаяу жүргінші жолдары салынды.
Сондай-ақ барлық бюджет көздері арқылы Шиелі кенті бойынша ұзындығы 24,5 шақырым 72 көшеге және 11 елді мекенде ұзындығы 23 шақырым 27 көшеге күрделі, орташа және жай жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Мемлекеттік тұрғын үй кезегі туралы
Аудан көлеміндегі мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» №856 Қаулысында көрсетілген санаттар бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұрады және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» №94 Заңына сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімімен мемлекеттік тұрғын үйлер жалдау шарты негізінде үлестіріліп беріледі. Мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке тіркеу мемлекеттік тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімі негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда, 1241 азамат мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұр. Заң талаптарына сәйкес келмейтін 114 азамат кезектен шығарылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, Көкшоқы мөлтек ауданындағы пайдалануға берілген 18 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйден 18 азаматқа пәтер жалға берілді.

Газдандыру туралы
Бүгінгі күнге Шиелі кенті бойынша газ кіргізуге тиісті 7574 тұрғын үйдің 6401 тұрғын үй иелерінің өтініштері тіркеліп, оның 5386-не монтаж жүргізіліп, 5372-сы газ пайдаланып отыр. 244 мекемеге газ кіргізілді. Кенттегі 5 ірі кәсіпорын, 215 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары, 24 әлеуметтік сала ғимараттарының жылу жүйелерінің бу қазандықтары газға ауыстырылған (6 балабақша, 8 мектеп, 5 мәдениет саласы, 5 денсаулық саласы). Сондай-ақ жеке тұрғындардың есебінен Ы.Жақаев және Бидайкөл елді мекендерінде газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Ы.Жақаевта 430, Бидайкөлде 225 жеке тұрғын үйге газ кіргізілді.
2020 жылға Байсын елді мекенінде газ құбырларын жүргізуге 204 575 мың теңге қаржы бөлініп, 2020 жылдың 26 желтоқсанында Байсын елді мекенінің тұрғындарына табиғи газ беріліп, 90 үйге газ кіргізілді.
Н.Бекежанов ауылын газдандыруға өткен жылдың желтоқсан айында 100 млн теңге қаражат бөлініп газдандыру жұмыстары бастау алса, бүгінгі таңда осы жобаға қосымша 327 млн теңге қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылы ауылды толық газға қосатын боламыз.
2021 жылға Ш,Қодаманов ауылын газдандыруға республикалық бюджеттен «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында 557 млн теңге қаражат бөлініп, жақын арада газдандыру жұмыстары басталатын болады.
Мұнан бөлек, Ақмая, Алғабас, Бестам, Ақтоған, Жиделіарық, Еңбекші, елді мекендерін газдандыруға ЖСҚ әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Алмалы және Ә.Тәжібаев елді мекендерін газдандыруға жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы әзірленуде.
Сонымен қатар, Сұлутөбе, Жаназар батыр, 1-мамыр, Тартоғай, Жансейіт, 21-бекет, Майлытоғай, Ортақшыл ауылдарын газдандыру үшін жобалық сметалық құжаттарына тиісті қаражаттар бөлінді.
Балаби, Бәйгеқұм, Жөлек ауылдарын газдандыруға қажетті құжаттарды дайындау үшін тиісті қаражаттар ақпан айында қарастырылатын болады.

Ауыз су жайлы
«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы аудан бойынша ауыз сумен қамтамасыз етуде. Аудан бойынша орталықтанған сапалы ауыз сумен 85 процент елді мекен қамтамасыз етілген.
Тартоғай және Сұлутөбе елді мекендеріндегі ауыз су құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Жер асты су қорлары анықталған, Ортақшыл ауылдық округіне қарасты Қызылқайың, Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Ақтам және Еңбекші ауылдық округіне қарасты Қосүйеңкі елді мекендеріне ауыз су құбырының құрылысына аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен ЖСҚ әзірленуде.

БІЛІМ
Аудандық білім бөліміне қарасты 40 мектеп, 3 қосымша білім беру мекемесімен қоса мектепке дейінгі мекемелер бойынша 18 мемлекеттік және 72 жеке меншіктегі балабақшалар жұмыс жасайды.
2019-2020 оқу жылының басында 40 мектепке 17897 оқушы 927 сынып комплектісіне тартылды. Оларға барлығы 2725 мұғалім сабақ берсе, олардың 2556-сы жоғары, 149 арнаулы орта білімді мамандар. Барлық мектептер бойынша 11 сыныпты 632 оқушы бітіріп, оқу жылының қорытындысымен 48 оқушы «Алтын белгі» иеленсе, 41 оқушы «Үздік аттестат» алды. 9 сыныпты бітіруші оқушылардың 149-ы «Үздік аттестат» иеленді.
«Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейін 168,0 млн теңгеге және «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 250,0 млн теңгеге Ақмая ауылындағы №49 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұран ауылдық округіндегі №158 орта мектебіне облыстық бюджеттен ағымдағы жөндеу жұмыстарына 207,0 млн теңге, Иіркөл ауылдық округіндегі «Балдырған» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарына 180,8 млн теңге, Шиелі кентіндегі «Аққайың» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарына 111,7 млн теңге қаржы бөлініп жұмыстар атқарылды.
Шиелі кентіндегі №244 орта мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге 14 млн 338 мың теңге, Жөлек елді мекеніндегі «№152 орта мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарына 15 млн теңге, Жиделіарық елді мекеніндегі №206 мектепке 15 млн 72 мың теңге, Қарғалы елді мекеніндегі №241 мектепке 20 млн 784 мың теңге, Кәусар балабақшасының ғимарат шатырын ауыстыруға 18 млн 86 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биылғы елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 16 мектеп оқушылары дәстүрлі, қалған мектептер онлайн форматта қашықтан оқыту форматында жалғастыруда.
Қашықтан оқитын оқушылар үшін электронды техникалар алынды. Үкімет резерві қорынан бөлінген қаржыға 730 планшет, 290 компьютер жеткізілді. Құрылғысы жоқ 3477 балаға бірінші кезекте таратылып, барлық баланы қамтамасыз ету үшін қосымша жұмыстар жүргізілді.
Сонымен бірге, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС қолдауымен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына 150 планшет табысталды.

МӘДЕНИЕТ
Ауданда 27 мәдениет үйі мен клуб, 3 музей, 32 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді. 2020 жылы аудан халқының бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасау, өнерлі жандардың шығармашылығын шыңдау мақсатында аудан бойынша /онлайн, офлайн/ 1 117 мәдени шара өткізіліп, 146 936 көрермен қамтылды.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауына орай ауданымызда 3 республикалық, 9 облыстық шаралар жоғарғы деңгейде өткізілді.
Жол картасы бағдарламасы бойынша Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты Бірлестік елді мекеніндегі «Жаназар батыр» атындағы мәдениет үйіне 35,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
Жыл басынан бері аудан халқының бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасау, өнерлі жандардың шығармашылығын шыңдау мақсатында аудан бойынша онлайн және офлайн режимінде 944 мәдени шара өткізіліп, 123 мың көрермен қамтылды.
Өткен жылы ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың туғанына – 1150 жыл, «Алтын Орда» мемлекетінің құрылғанына – 750 жыл, Қазақ хандығына – 555 жыл, Абай Құнанбайұлына – 175 жыл, Әйеке Бекежановқа -185 жыл, Мәнсүр Бекежановқа – 145 жыл, Мұстафа Шоқайға – 130 жыл, Нартай Бекежановқа – 130 жыл, Мұхамеджан Қаратаевқа -110 жыл толуына орай, түрлі форматта аудандық, облыстық, республикалық шаралар онлайн түрінде ұйымдастырылды.

ІШКІ САЯСАТ
Шиелі ауданында қоғамдық – саяси және діни ахуал тұрақты.
Шиелі ауданы бойынша 28 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 13 қоғамдық бірлестік, 14 қоғамдық қор, 1 корпоративтік қор. Сонымен қатар, ауданда 4 қоғамдық ұйымдардың филиалдары жұмыс жасайды. Діни бірлестіктер саны – 32.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында қоғамдық пікір жетекшілерінің, ардагерлердің, мекеме басшыларының, мәслихат депутаттарының, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар өкілдерінің, кәсіпкерлердің, еңбек адамдарының пікірлері мен сұхбаттары ұйымдастырылып, ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында жастар саны – 20 846. Жастар аудандағы халықтың 25 процентін құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 процент болды.
«Волонтерлер жылына» орай, волонтерлік жұмысты кеңінен жастарға насихаттау мақсатында кент және ауылдық округтерде кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері жастар жылы аясында жастар саясатын дамыту бағытында түрлі форматтағы 116 шара ұйымдастырылып, 16 578 жас қамтылды.
Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 1713 жастың 1645-і жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.
/«Еңбек» бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа – 1645 жас, мемлекеттік грант – 173 жас, шағын несие – 22 жас, кәсіпкерлік жобалары аясында кәсіпкерлік оқытуға – 93 жас, жастар тәжірибесіне – 501 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына – 89 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа – 293 жас қамтылды./
«Жылы жүрек-жомарт жас» атты бір айлық акция ұйымдастырылып, ауруханада ем алушыларға қажетті кислород толтырылған баллондарды сатып алуға қаржылай көмек көрсетілді.
Төтенше жағдай кезеңінде наурыз, сәуір, мамыр, шілде тамыз айларына 7307 азаматқа 94,6 млн теңге төленіп, «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен «Birgemiz» қоғамдық қорынан халықты әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарына жататын 1600 отбасына 50,0 мың теңгеден 80,0 млн теңге қаржылай, демеушілер есебінен 2635 тұрмысы төмен отбасыларға 19,5 млн теңгеге азық-түліктей көмектер берілді.

СПОРТ
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезең 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында ауданда 2 стадион, 3 спорт кешені, 37 спорт зал, 121 спорт алаңдары жұмыс жасайды. Соңғы 3 жыл көлемінде 6 спорт кешені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында пайдалануға берілсе, биыл тағы 2 спорт кешені пайдалануға берілетін болады.
Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар (186 спорттық нысанда) спорттың 24 түрінен 25355 адамға жетіп, шұғылданушылар үлесі 30,5% процентін құрап отыр.
Үстіміздегі жылы аудан спортшылары үшін атқарылуы тиіс шаралармен қатар межеленген жос­парларды орындау басты назарда. Алдағы уақытта да спортшыларымыздың жоғары жетістіктерге жету бағытында жұмыстар жалғасын табатын болады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Шиелі ауданы бойынша аудандық аурухана, аудандық емхана, 19 дәрігерлік амбулатория,1 ауылдық емхана, 13 медициналық бекет, 3 фельдшерлік-акушерлік бекет қызмет көрсетеді.
Амбулаториялық емханалық мекемелер бойынша барлығы 183 дәрігер, 838 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды. Олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді. Сондай-ақ 2020 жылдан бастап елімізде пациенттерді қабылдау мен емдеу жаңаша жүргізілді. Оған себеп – Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшті. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды.
Өткен 2020 жылы әлем елдерін індет жайлап, оның ішінде еліміз, аймағымыз, ауданымыз бойын­ша сынаққа толы жыл болды. Короновирустың салқыны әлі де бәсеңдеген жоқ, әлем халқы эпидемиологиялық ахуалмен күресті жалғастыруда.
Аудан тұрғындарының 307-і короновирус індетімен ауырып, емделіп шықты.
Әлемді дүрліктірген жұқпалы инфекция аудан тұрғындары үшін де, медицина қызметкерлері үшін де оңайға соқпады. Сол сәтте дәрігерлер күндіз-түні науқастардың жанынан табылып, аянбай еңбек етті. Қиын кезде қолынан келген барлық медициналық көмекті көрсете білді.
Қазіргі таңда ауданда 9 дана рентген аппараты, 14 дана өкпені жасанды желдету аппараты, 56 дана оттегі баллоны бар. 103 оттегі баллоны ауданға уақытша көмекке берілген. Демеушілікпен қосымша 51 оттегі концентраты, 10 оттегі баллон редукторы берілді. Аудан кәсіпкерлері тарапынан ауруханаға 12 млн. 400 мың ақшалай көмек көрсетіліп, 10 төсек-орны берілді.
Волонтер жастар түнгі уақытта ауданаралық ауруханаға келген кислород толтырылған баллондарды ем алып жатқан науқастарға жеткізіп беруді тұрақты түрде ұйымдастырды.
Ауданның волонтерлері мен ерікті жастары, кәсіпкерлері пандемияның өршіп тұрған уақытында ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Шиелі ауданы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында волонтер жастардың ұйымдастыруымен кәсіпкерлердің қолдауымен COVID-19 коронавирусының кеңінен тарауына жол бермеу мақсатында тұрғындарға қажетті бетперде, медициналық құрал жабдықтар, азық-түліктер, ақпараттық таратпа материалдар ұсынылып, сақтық шаралары бойынша әрекет етуге шақыратын таратпа материалдар, нұсқаулықтар таратылды.
Осы ретте, Шиелі аудан тұрғындарына әлемді шарпыған пандемия кезеңінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған барлық аудан тұрғындарына, жомарт жүректі азаматтарымызға, жауапты сала мамандарына күн-түн демей, уақытпен санаспай, індеттің бетін қайтару бағытында айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткендері үшін аудан әкімдігі атынан шынайы ризашылығымды білдіремін.

ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ
2020 жылы барлық сала бойынша тіркелген қылмыстар 274-тен 216-ға яғни, 21,2 процентке төмендеген. Бөтен мүлік ұрлығы қылмыстары 178-ден 117-ке – 34,3 процентке, мал ұрлығы 63-тен 59-ке – 6,3 процентке, пәтер ұрлығы 31-ден 16-ға, кісі өлтіру 2-ден 1-ге – 50 процентке төмендесе, есірткіге байланысты қылмыстар 21-ден 32-ге – 52,4 процентке, тонау 2-ден 5-ке – 150 процентке өсім алды. Қылмыстардың көптеген түрлерінен төмендеу көрсеткіштері байқалады.
2020 жылы аудан көлемінде 45 /2019 жыл 45/ жол көлік оқиғасы орын алып, жол апаттарынан 46 азамат /2019 жылы 54/ әртүрлі дене жарақаттарын алса, 9 азамат /2019 жылы 9/ қайтыс болды.
(Жол көлік оқиғаларының 21-і кент орталығында (Әл-фараби, А.Байтұрсынов, Д.Шыныбеков, Шәкәрім, Дәулеткерей, Яссауи көшелері мен Көкшоқы елді мекені), 10-ы Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолы бойында, 6-ы Шымкент-Самара тас жолында, 3-і Жезқазған-Қызылорда тас жолында, 1-і Жөлек, 1-і Бестам, 1-і Бала би, 2-і Бидайкөл ауылдық округінде орын алған).
Аудан көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында 2020 жылы «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқық тәртібі», «Абайлаңыз балалар» секілді жедел профилактикалық іс-шаралары республика, облыс және аудан көлемінде 29 мәрте өткізілді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Аудан бойынша жалпы халық саны – 83110 адам, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 38003, жұмыспен қамтылған халық 36156, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер 16374, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 19782 адам. Статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздар саны – 1847 адам. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентті құрайды.
2020 жылы ауданымызда 2000 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 2020 жылдың 12 айына 2280 жаңа жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспардың орындалуы 114,0 процент.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
2020 жылға аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге республикалық бюджеттен 926 318 мың теңге, жергілікті бюджеттен 31 324 мың теңге, барлығы 957 642 мың теңге қаржы қаралған. Былтырғы жылы аудан бойынша 1941 отбасының 10551 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет
2020 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өзгерістер енгізіліп, 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмектен бөлек «Кепілдендірілген әлеуметтік пакет» тағайындалуда. Бұл бағытқа республикалық бюджеттен 87 751 мың, жергілікті бюджеттен 3 778 мың, барлығы 91 529 мың теңге қаралған.

КАДР САЯСАТЫ
Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілердің штат саны 200 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны бүгінгі таңға 194 адамды құрап отыр.
Нақты қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің 93,8% жоғары білімді. Аудандағы мемлекеттік органдарда басшы құрамдағы лауазымдардың штат саны 64 бірлікті құрайды.
/Сынақ мерзімін тағайындау мәселесіне тоқтар болсақ, мемлекеттік қызметке алғаш рет және оны тоқтатқаннан кейін қайта келген 22 тұлғаға 3 ай сынақ мерзімі белгіленіп, оның ішінде 14 тұлғаға тәлімгерлер бекітілген./
Ағымдағы жылдың басынан барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 39 конкурсқа хабарландыру жарияланып, 30 бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілді.
Конкурстарға 65 адам қатысып, орта есеппен бір орынға 2,2 адамнан келді. Нәтижесінде 32 (оның ішінде, ішкі конкурс – 12, жалпы конкурс – 20) үміткер бос лауазымдарға қабылданды.
Сонымен қатар, 10 ауылдық округ бойынша оның ішінде Бестам, Бәйтерек, Шиелі кенті, Жаңатұрмыс, Қарғалы, Тұран, Еңбекші, Иіркөл, Ақмая, Телікөл ауылдық округ әкімдерінің басқа лауазымдарға ауысуына, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайлау негізінде қайта тағайындалды.
Персоналды басқарудың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне қосылған мемлекеттік органдарда жүйеге құжаттарды тек автоматты түрде жүргізілуде.
/Бүгінгі күні Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты кент және ауылдық округтер мен дербес бөлімдерге VPN каналы жүргізіліп, қазіргі күні 100% барлық мемлекеттік органның жауапты қызметшілері жүйемен жұмыс жасап отыр./

Құрметті аудан тұрғындары!
Біз бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Себебі, биылғы жылы сан ғасырлар бойы ата-бабамыз армандаған, қазіргі ұрпақ, біздердің маңдайымызға бұйырған Тәуелсіздіктің 30 жылдығы.
Тәуелсіздіктің атқан таңын жыл сайын, ай сайын, тіпті күн сайын жырласақ та көптік етпейді. Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет», – деп атап көрсеткеніндей, асыл да ең қымбат қазына – Ел Тәуелсіздігін қастерлей білейік! Бұл – халықтың ортақ қуанышы, ортақ жеңісі!
Тәуелсіздікке жету жолы қаншалықты ауыр болса, тәуелсіздікпен тыныстаудың баяндылығы да соншалықты жауапты екені анық. Жас ұрпақ тәуелсіздіктің тағылымдарын танып, қастерлеп, құрметтеп отыруы керек. Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат. Сондықтан да бәріміз еліміз үшін еңбектенуіміз, халқымыз үшін қызмет істеуіміз керек.
Егеменді еліміздің одан әрі дамуына, Мемлекет басшысының мақаласында көрсетілген бағыттарды басшылыққа алып, өз саласында аянбай еңбек етуі әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы деп білемін.
Биылғы келген жаңа сиыр жылынан оң өзгерістер күтеміз және алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары бойынша тиісті жұмыстар белгіленген іс-шараларға сәйкес кезең-кезеңімен жоспарлы түрде жүзеге асырылып, ел мүддесі жолында аудан жұртшылығымен бірге аянбай еңбек ететін боламыз!
19 қаңтар 2021 ж. 889 0