Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шырша шырағын жақты

Шырша шырағын жақты


Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Игілікке толы ит жылы жұртқа жақсылығын тарту етіп, табысын арттырып, өзіндік жетістіктерімен тарих қойнауына еніп, домаланып доңыз жылы да келіп қалды. Аптаның басында М.Шоқай орталық алаңында жаңа жылдық шырша жағу мерекелік шарасы өтті.
Қазақтың сенімінде доңызға деген көзқарас аса керемет болмағанымен, ел үшін жақсылыққа толы болар деп үміттенеміз. Жеті қазынаның бірі саналатын ит жылында «Жеті қырды» түгендеп, жеңіс пен біршама жетістіктерге жеттік. Биыл Шиелі ауданы – 90 жасқа толып, толағай табыстарға жетті. Жылдың қорытындысы саналатын мерекелік шыршаны аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жағып берді. Ауданның 2018 жылда жеткен жетістіктеріне, салынған ғимараттар мен айтулы оқиғаларға тоқталды. Мереке қарсаңында барша қауымға ізгі тілегін жеткізді. Алдағы жылға жоспарлар жеткілікті екенін айтып және сол жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды. Әрі қарай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырған театрландырылған көрінісіне ұласып, әуезді әнмен дайындаған өнерлеріне жиналған ел риза болып тарқасты. Аяз ата мен Қарша қыздан сыйлықтар да алды. Келер жыл кереметтей жақсылықтарға, ауданға абырой әперетін істерге толы болсын. Жаңа жыл жаңарған шаттыққа толы болып, жаңа бақыт алып келсін.

Бекжан ЕРЖІГІТ.
30 желтоқсан 2018 ж. 1 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031