Тазалық – жалпыға ортақ талап
Күн еңсесін көтергеннен қызу тіршілік басталады. Қақаған қыстың қаһарына қарамастан таң азаннан жұмысқа ағылған адамның қарасы қалың. Ескі жылмен қош айтысып, жаңа жылды қарсы алған халық есік алдын тазартып, ауласын жиыстыруды бастады. «Тазалық табалдырықтан басталады» деген қазекемнің бұл харекетін хош көрдік. Содан кент тазалығын назарға алып, көшелерді айналып шыққан болатынбыз. Кент орталығындағы қоқыстарды тазалап жатқан «Жеңсікбаев» тазалық мекемесінің жұмысшыларымен кезіктік. Осылайша Шиелі тазалығына жауапты бригадир Сәкен Сәрсенбаевпен сәті түскен сұқбатты назарға ұсынбақпыз.
– Осы кезге дейін Шиелі тазалығына өзге мекеме жауапты болатын. Кент тазалығына келгенде айтылатын сын-ескертпелер көп. Жұмыс графигі қандай? Жұмысшылар жеткілікті ме?
– Осы кезге дейін Шиелі тазалығына өзге мекеме жауапты болатын. Кент тазалығына келгенде айтылатын сын-ескертпелер көп. Жұмыс графигі қандай? Жұмысшылар жеткілікті ме?
– Расында, барлығымызды да тазалық мәселесі толғандырмай қоймайды. Таза орта, таза жер деніміздің саулығы мен көңіліміздің жайлы болуына себепкер. Шиелінің тазалығын сақтауды қолға алғанымызға 10 күннен асты. Осы уақыт ішінде небір кедергілерге де кезігіп жатырмыз. Таңғы сағат 08.00-ден, кешкі сағат 18.00-ге дейін кент ішін толық тазалап шығамыз. Ең әуелі «Сасқұм» полигонының айналасын қоралап, тазалау жұмыстарын жүргіздік. Кент ішіндегі тазалықты да қалыпқа келтіруге барынша жұмыс істеудеміз. Бірақ бейберекет тасталған қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал оның барлығын жинап тазалау қарапайым осы жұмысшыларға жүктеледі. Қазіргі уақытта 12 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмысшылардың саны артатын болады.
– Қазір қыс ауасы. Есік алдына бір шелек су қойсаңыз таңға дейін мұз болып қатып қалады. Ал халық мұны ескере бермейді. Қоқыс тастайтын контейнерге сұйық қалдықтарды құйып кетеді. Таңертең жұмысшылар келіп мұз қатқан қоқысты ала алмай әбден әбігерге түседі. Бір жерде 1-2 сағат уақыт жоғалту біз үшін көп жұмыстың уақытылы орындалмауына әкеп соғуда. Контейнердегі мұзды еріту үшін от жағып, мұз ойып әлек боламыз. Халыққа түсіндіріп айтуға тырысып жатырмыз. Дегенмен үй жағалап, есік қағып жүре алмайтынымыз да белгілі. Тіпті контейнердің маңына да қалдық суды төгіп, оның үстіне қоқыстарды тастап кетеді. Осылайша мұз болып қатқан қалдықтар жұмыстың жүруіне кедергі тудыруда.
– Бұл мәселелер нақты қай жерлерде жиі орын алады?
– Көбіне осындай қиындықтар көпқабатты үйлердің маңында кезігеді. Мәселен, «Көкшоқы» мөлтек ауданы, Д.Смайлов, Әл-Фараби көшелеріндегі қоқыстарды атап айтуға болады.
– Халық қоқыстар күнделікті тазаланбайды деп уәж айтады. Ол қаншалықты рас?
– Таң атқаннан кеш қарайғанша кент ішін толық тазалап өтеміз. Ал орталықты күніне 2 қайтара тазалап өтуге тырысамыз. Себебі Шиелі киелі мекен саналатын болғандықтан келер мейманның қарасы қалың. Ал олар ең әуелі Шиелінің сыртқы келбетіне назар аударады. Тазалық – мәдениеттің көрінісі. Сондықтан тазалық мәселесіне келгенде біржақты пікір танытуға болмайды.
– Таң атқаннан кеш қарайғанша кент ішін толық тазалап өтеміз. Ал орталықты күніне 2 қайтара тазалап өтуге тырысамыз. Себебі Шиелі киелі мекен саналатын болғандықтан келер мейманның қарасы қалың. Ал олар ең әуелі Шиелінің сыртқы келбетіне назар аударады. Тазалық – мәдениеттің көрінісі. Сондықтан тазалық мәселесіне келгенде біржақты пікір танытуға болмайды.
– Демек, халық әлі қоқыс тастау мәдениетін үйрене алмай келеді ме?
– Иә. Бұл тек Шиелі халқына емес, Қазақстан халқына қатысты өзекті мәселе. Өйткені әлі де болса қоқыс тастау мәдениетін, тазалықты сақтауға деген жауапкершілікті толық сезінбей келеміз. Жасыратын несі бар, тұрмыстық қалдықтарды пакетке салып көше бойына шығарып қоятындар да бар. Кейбірі қоқыс тастайтын жәшіктің жоқтығын да сылтау қылады. Олай болса қоқысты қапқа салып, аузын мықтап жауып көшеге шығаруын сұраймыз. Ол үшін арнайы көше аралайтын газель жүреді. Ескере кететін жайт қалдықтарды пакетке емес, қапқа салуы керек. Себебі пакеттегі қалдықты ит-мысық жыртып, шашып кетеді.
– Ал тазалық жұмысына қажетті техника жеткілікті ме?
– Дәл қазіргі уақытта 3 техника бар. Әр техникада 4 жұмысшы жүреді. Жақын арада тағы 1 техника алуды жоспарлап отырмыз. Шиелінің тазалық мәселесіне аудан әкімі Қ.Мүбараков пен кент әкімі Ғ.Аманжолов баса мән беріп, қолдау танытуда. Техника көбейсе, жұмыс қарқыны да күшейе түсетін болады.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ