Жазылған жайдың жаңғырығы
Кенттің көркін қашырған қоқыс, қалдық салатын контейнер орнату мәселесін көтерген Гүлнәр Дүйсебайдың «Тазалық баршаға ортақ, кінә кімнен?» тақырыбында жазылған сыни мақаласы газеттің 2020 жылдың 4 ақпанындағы №9 санында жарық көрген болатын. Жазылған жайға жауап қатқан тиісті мекеме тазалық жұмыстары жүргізілгенін айтты.
Осыған орай редакцияға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратовадан жауап хат түсті. Онда «Шиелі ауданы бойынша кент көшелерін көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша жылдық жоспар жасалынып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Шиелінің кіре берісі Көкшоқы мөлтек ауданында аудан ардагерлері көркейту-когалдандыруға үлес қосып, «Ардагерлер аллеясы» бой көтерді. Аталған аллеяға 1000-ға жуық шие, жиде, терек секілді ағаш көшеттері отырғызылды.
25 қаңтар күні кент әкімі Ғ.Аманжолов халық алдында жылдық есеп беру жиынында тазалық жұмыстарына қатысты көптеген мәселелер айтты. Сонымен қатар ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізіп отыратын аудандық қоғамдық кеңесте де тазалық мәселесі назардан тыс қалмаған. Биыл еріктілер жылы аясында «Тазалық – саулық кепілі» атты жастарды тазалыққа шақыру мақсатындағы «Көрікті
Шиелі» еріктілер жасағы құрылып, жұмыс істеуде. «Өскен өңір» газетінің 2020 жылғы 4 ақпандағы №9 санында жарияланған «Тазалық баршаға ортақ, кінә кімнен?» атты сыни мақалада атап көрсетілген Д.Шыныбеков пен Т.Тоқтаров көшелері арасындағы шашылып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтар Шиелі ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» КММ-нен ақылы қоғамдық негізде қабылданған азаматтармен тазаланып, кенттің санитарлық тазалығын қамтамасыз ететін «Сасқұм» селолық тұтыну кооперативінің арнайы техникасымен «Сасқұм» полигонына тасымалданды» делінген. Көтерілген мәселе жабулы қазан күйінде қалмай, дер кезінде тазалық жұмысына кіріскен кент әкімі Ғ.Аманжоловтың ісі өзгелерге үлгі болса игі.

Алдағы уақытта мақалада атап көрсетілген Ким Ман Сам көшесінің де тазалығын қолға алып, қоқыс тастайтын жәшіктер қоюды назарға алады деп сенім арттық. Қазақ халқы «Тазалық орнаған жерде береке бар» деп тегін айтпаса керек.