Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Асыл мұралар насихатталды

Асыл мұралар насихатталды


Өткен аптада Ы.Жақаев ауылындағы №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектепте «Қорқыт мұралары – халықтың баға жетпес қазынасы» тақырыбында он күндік іс-шара ұйымдастырылды.

Қорқыт мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес тізіміне енуіне орай ұйымдастырылған шара барысында ата-баба қалдырған асыл мұралар насихатталды. К.Биімбетова, Л.Бердібаева «Оғыздар елбегі» атты танымдық сәттен он күндікті бастаса, еңбек пәнінің мұғалімі Қ.Сейітбекова 8 сынып оқушыларымен суретшілер көрмесін өткізді. Сонымен қатар кітапханашы А.Асылбек 8-9 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік өмірдің иесі – Қорқыт» тақырыбында оқырмандар конференциясын қолға алса, қазақ тілі пәні мұғалімдері Г.Байдарбекова мен Г.Бекназар 9-10 сынып оқушылары арасында «Сан қырлы Қорқыт» атты білім сайысын ұйымдастырды. Ал орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Тымбаулиева және ағылшын пәні мұғалімі А.Серікбаева 7-8 сынып оқушыларымен «Қорқыт – өлмес тұлға» атты жыр мүшәйрасын өткізсе, мектептегі қоғамдық негіздегі мұражай жетекшісі Р.Байділдаева «Қорқыт: кеше, бүгін және ертең» тақырыбындағы конференциясымен он күндікті қорытындыланды.
Балаларға берері мол он күндікке шығармашылықпен атсалысқан оқушылар мен мұғалімдер аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.Құдайбергеновтың заттай сыйлығымен және мектеп директоры Ж.Рыспембетованың алғыс хатымен марапатталды.

Е.ДАТҚА
05 желтоқсан 2019 ж. 950 0