Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілім менің –тірлігімнің тірегі

Тілім менің –тірлігімнің тірегі

Өткен аптада кенттегі №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында Тілдер мерекесіне орай қазақ, орыс, ағылшын пәні бірлестіктерінің мұғалімдері бірқатар іс-шара ұйымдастырды. Ол «Тілдерді дамытудағы өзекті мәселелер» атты пікірталаспен қорытындыланды.

Шарада облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы Әсел Манасқызы, Шиелі ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы К.Есенбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Әмина Бәкірқызы сөз алып, үштілділік мәселесі, латын графикасына көшу, жалпы қоғамдағы тілді дамыту мәселесіне терең тоқталды. Ә.Бақытова латын графикасына байланысты шағын тренинг өткізіп, көпшілікті бір серпілтіп алды. Шараға №270 мектеп мұғалімдері де қонақ болды. Мектеп оқушылары белсенділік танытып, келген қонақтармен сұрақ-жауап ұйымдастырды. Шара соңында тілдер мерекесін назардан тыс қалдырмай, түрлендіріп ұйымдастырған №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының орыс тілі пәні мұғалімі Гүлнар Мәлібекқызы аудан әкімінің алғыс хатымен және аудандық білім бөлім басшысының мадақтамасымен марапатталды.

«Өскен өңір» ақпарат
28 қыркүйек 2019 ж. 1 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9299)

30 сәуір 2025 ж.

№31 (9298)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (9297)

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930