Жазба ақындар мүшәйрасы өтті



Сайыс барысында 214 мектеп оқушылары Сыр бойының мәуелі бәйтерегіне айналған Ә.Тәжібаев туралы қысқаша анықтама беріп, туындыларын көрермендерге таныстырды. Мүшәйрада өлең оқылып қана қоймай, әуезді ән де шырқалды. Ақындарға аудандық мәдениет үйінің әдіскері Айзада Әшімқызы және 205 мектеп директоры Асқар Есім қазылық етті. Ақындар арасындағы байқау тартысты һәм мағыналы өтті. Сайыстың қорытындысы басылымның алдағы санында жарияланатын болады.
"Өскен өңір" ақпарат