Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жырларым бар жүректе, сырларым бар»

«Жырларым бар жүректе, сырларым бар»

Қазалыда облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті

 Қазалыда ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шапағат» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі Рүстем Жанайдың 75 жылдығына орай «Жырларым бар жүректе, сырларым бар» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
 Әйтеке би кенттік клубында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өткен мүшәйраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 13 ақын қатысып, өз бақтарын сынады.
Жастардың шығармашылығын арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткен жыр додасының қорытындысы бойынша бірінші орынды Арал ауданынан келген Айдар Сайлауов жеңіп алды.
Екінші орынды Ақтан батыр ауылында тұратын талантты жерлесіміз Ақжол Түменбаев қанжығасына байлады. Ал жүлделі үшінші орынға Шиелі ауданының жас ақыны Бекжан Ержігіт қол жеткізді.
Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен, арнайы дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталды.

14 тамыз 2019 ж. 844 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30