Батыр ананың нұрлы өміріне арналды
Жуырда Шиелі ауданының Еңбекші ауылдық мәдениет үйінде Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Ұлбала Алтайбаеваның 95 жылдық мерейтойына арналған «Сөнбес жұлдыз, нұрлы өмір, батыр ана» атты облыстық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өткізілді.
Отан байлығын молайту жолында талмай еңбек етіп, абырой биігінен көрінген Ұлбала Алтайбаева – Сыр өңірінің мақтан тұтар аналарының бірі. Күріш өсірудің қыр-сырын үйренген ол жақаевшылар қозғалысының бел ортасында жүрді. Жоғарғы еңбек көрсеткішіне қол жеткізді.
Батыр ананың ғибратты ғұмырына арналған жыр мүшәйрасының қорытындысында бас жүлдені Қазалы ауданынан келген Ақжол Түменбай иеленді. Ал, бірінші орынға шиелілік Айғаным Құрмашева, екінші орынға жалағаштық Серік Жасұлан мен шиелілік Бекжан Ержігіт тұрақтады. Үш үшінші орынды Алтынбек Қыстаубаев (Арал ауданы), Сұлтанбек Қожабеков (Шиелі), Хантөре Ақтөреұлы (Жаңақорған) өзара бөлісті.
Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Шиелі ауданы.