Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөнбес жұлдыз, нұрлы өмір, батыр ана

Сөнбес жұлдыз, нұрлы өмір, батыр ана


«Еңбекші» ауылдық мәдениет үйінде Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Астана қаласының 20 жылдық, Шиелі ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Социалистік Еңбек Ері,Батыр ана Ұлбала Алтайбаеваның 95 жылдық мерейтойы қарсаңында «Сөнбес жұлдыз,нұрлы өмір,батыр ана» атты облыстық ақындар мүшайрасы өтті.
Қара сөзден жыр құраған ақындар мүшәйрасына келген қонақтар алдымен қазақы салт-дәстүрге сай киіз үйден дәм татты. Одан әрі мәдениет үйінің фойесіне орналасқан, Елбасы Н.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын негізге ала отырып, рухани құндылықтарымызбен Ұлбала ана­мыз­дың өміріне арналған көрмені тамаша­лауға ұласты. Ұрпаққа үлгі боларлық батыр аналардың еңбек жолын насихаттау бағытында ұйымдас­тырылған шараға Ұлбала апамыз­дың немересі Ринат Оралсейіт демеушілік жасады. Мұның өзі асыл анадан өрбіген ұлағатты ұрпақтың ізгі ісі.
Жас ақындарға сәттілік тілеп, ақындар мүшәйрасын аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ашып берді. Аталмыш мүшәйраға облыстың барлық аудандарынан келген 12 талапкер қатысты. Еңбек майданының алғы шебінде болған Шиелі шынарларының бірі Ұ.Алтайбаева апамыз. Тарихтың қай парағын ақтарсаң да қаны асыл, жаны текті апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана апа-аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында. Сол тектіліктің ізін үзбей, көшті жалғаған апамыздың бейнеті мен зейнетін жырға қосқан жас ақындар алдымен анаға арнау өлеңін оқыса, екінші айналымда еркін тақырыпта жазылған жырларымен жиылған жұртты сусындатты.
Жыр додасын тамашалауға ауылдың еңкейген кәрісінен еңбектеген жасына дейін жиылды. Нағыз жүйрік деп танылған қазалылық А.Түменбай бас жүлдені иеленсе, І орынды жерлесіміз А.Құрмашева қанжығалады. Ал, келе­сі жүлдені жалағаштық Ж.Серік пен шиелілік Б.Ержігіт бөліссе, ІІІ орынды Шиелі ауданынан Ж.Серік, Жаңақор­ғаннан Х.Ақтөре, Аралдан А.Қыстаубаев олжалады. Өлең жырдың бәсекесінде арнайы жүлде әділқазылардың шешімімен шиелілік А.Қалекеевке ұсынылды.
Кеш соңында Ұлбала апамыздың өмірінен, ізгі жолдарын, өсіп өнген ұрпақтарын таныстыруға арналған бейнеролик көрсетіліп, №159 «Еңбекші» қазақ орта мектебінің оқушылары дайындаған әдеби монтажды тамашалады. Шараға жиылған қауымға «Баба ата» мешітінде Ұлбала Алтайбаева анамызға құран бағыштап, ас берді.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
29 сәуір 2018 ж. 2 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930