Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар жырлайды: ақындар айтысы өтті

Жастар жырлайды: ақындар айтысы өтті

Аптаның бейсенбі күні Қызылорда қаласында «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Жыр додасы Жастар жылы және Әйтеке би Бәйбекұлының 375 жылдығына арналды.
Сөз сайысына сан тараптан жастар қауымы қатысты. Олардың қатарында Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аруна Керімбек (Тараз қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ысқақ (Астана қаласы), Райымбек Өтепов (Орал қаласы) және Қызылорда қаласының намысын қорғаған Нұрмат Мансұров, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару, Бексұлтан Орынбасаровтар бар.
Ал, ақындарға әділ баға беруге Жүрсін Ерман төрағалық етсе, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлы, айтыскер ақын Кенжебай Жүсіп қазылар алқасының құрамында болды.
Жыр додасының нәтижесінде Аруна Керімбек пен Аспанбек Шұғатаев ІІІ орынды иеленсе, Біржан Байтуов ІІ орынды қанжығасына байлады. І орынға Рүстем Қайыртайұлы лайық деп танылып, бас жүлдені жерлесіміз Нұрмат Мансұров еншіленді.

«Өскен өңір» ақпарат.
16 ақпан 2019 ж. 1 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930