Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті

Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті


ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында өткен «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысында қызылордалық Нұрмат Мансұр бас бәйгені еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш шара Жастар жылы аясында өткізілді. Оған Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және мұрағат басқармасы қолдау көрсетті. Қазақтың көрнекті тұлғасы Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған айтысқа еліміздің көптеген өңірлерінен белгілі айтыс ақындары келді. Олардың қатарында павлодарлық Аспанбек Шұғатаев, алматылық Рүстем Қайыртайұлы, тараздық Аруна Керімбек, шымкенттік Біржан Байтуов, астаналық Дәурен Ысқақ, оралдық Райымбек Өтепов бар. Ал Қызылорда облысынан Нұрмат Мансұр, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару мен Бексұлтан Орынбасаров сөз сайысына қатысты.  Қазылар алқасына ақын Жүрсін Ерман басшылық етті. Қазылар құрамында «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жергілікті белгілі айтыс ақыны Кенжебай Жүсіп болды.  Тартысты өткен сөз сайысында қызылордалық Нұрмат Мансұр бас жүлденің еншіледі. Бірінші орын Рүстем Қайыртайұлына бұйырса, екінші орынға Біржан Байтуов қол жеткізді. Үздік үштікті Аруна Керімбек пен Аспанбек Шұғатаев түйіндеді. Бұдан бұрын Қызылордада жастарға арналған «Самға» жобасы басталғанын хабарлаған едік.    
inform.kz
15 ақпан 2019 ж. 1 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930