Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын домбыраға» Жансая Мусина ие болды

«Алтын домбыраға» Жансая Мусина ие болды

Астанада өткен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге батыс қазақстандық Жансая Мусина ие болды, депхабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ÐйÑÑÑ: ÐеÑÑнÑÑ Â«ÐлÑÑн домбÑÑаÒа» ÐанÑÐ°Ñ ÐÑÑина ие болдÑ
Екі күнге созылған дүбірлі айтыста аузымен құс тістеген кіл мықты ақындар айтыстың көркін қыздырды. «Қазақстан» концерт залын екі күн бойы дүркіреткен айтыс биыл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналып, «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбымен өтті. «Алтын домбыра» айтысы билы жетінші мәрте өткізіліп отыр. Айтыста үшінші орынды Ринат Заитов, Мақсат Ақанов пен Рүстем Қайыртайұлы еншіледі. Ал екінші орын екі ақынға - Мейірбек Сұлтанхан мен Еркебұлан Қайназардың қанжығасында. Бірінші орынға «Айтыстың ақтаңгері» атанған Дидар Қамиев ие болса, бас жүлдені биыл батысқазақстандық Жансая Мусина жеңіп алды. «Алтын домбыра» иегеріне 5 млн теңге берілді. Еске сала кетсек, Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатарлы азулы ақындар қатысқан болатын.

inform.kz 
18 желтоқсан 2018 ж. 1 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930