«Айтыс ақтаңгері» деген атақ берілд
Алматыда өткен жылдың қорытынды айтысында танымал айтыскер Айбек Қалиев бас жүлдені жеңіп алды.
Алматыда айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының ұйымдастыруымен өткен дода екі күнге жалғасты. Айтыста Асанәлі Әшімов, Нұртөре Жүсіп, Серік Қалиев, Бауыржан Қалиолла, Дәулеткерей Кәпұлы қазылар алқасының қатарынан табылды.Жылдың қорытынды айтысында Айбек Қалиев бас жүлдені жеңіп алды. Оған 5 млн теңгемен қатар «Айтыс ақтаңгері» деген атақ берілді.
Ал бірінші орын – Жансай Мусинаға бұйырса (1 млн теңге), екінші орынды Еркебұлан Қайназар мен Мейірбек Сұлтанхан (500 мыңнан) иеленді.
Үшінші орынға Ершат Қайболдин, Тілеген Əділов, Халижан Білдəш ие болды.
Stan.kz.