Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АСЫЛДАР ТУҒАН, ШЕЖІРЕ ТҰНҒАН - ШИЕЛІ» АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

«АСЫЛДАР ТУҒАН, ШЕЖІРЕ ТҰНҒАН - ШИЕЛІ» АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ



«Алтын күз – 2018» мерекесі «Асылдар туған, шежіре тұнған - Шиелі» атты ақындар айтысымен жалғасты.
Аудандық «Салтанат» сарайында өткізілген ақындар айтысына Күзенбайұлы Иран Ғайып, Сұлтанхан Мейірбек, Күзенбайұлы Талғат, Жүсіп Кенжебай, Таспанбетова Інжу, Садықұлы Еркін, Ержан Әмір, Ибрагимов Мейірбек, Бекжан Ержігіт, Шыңғыс Құдайберген сынды белгілі ақындар айтыс көркін қыздырды.
Айтыс – киелі өнер. Қазақтың тойы, мерекесі айтыссыз өткен емес. Сөз құдіретінің қайнар бұлағы – бүгінгі сөз додасы Елорда – Астана қаласының 20 жылдығы, Алаштың анасына баланған Сыр елінің астанасы Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Шиелі ауданының 90 жылдық мерейтойына арналды. Негізгі мақсат – Шиелі топырағының сыбағалы дәстүрін Бұдабай, Иманжүсіп, Нартай, Махамбетқали сынды дүлдүлдер салған өнер соқпағының ұрпақтан ұрпаққа ұласып, өнер - өзен ағысын жоғалтпағанын айғақтап, жұртшылыққа таныстырды. Шиелі өңірінің өзінің елдігі мен бірлігін берік сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан халқымыздың рухани қазынасын онан әрі байыта түсті.
Айтысқа қатысқан 10 ақын елдің кешегісі мен бүгінін, ауданның жетістіктерін жарыса жырлады.
14 қазан 2018 ж. 2 394 0