Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жер – тұнған шежіре

Туған жер – тұнған шежіре


Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында және Сырдария ауданының 90 жылдығына орай «Туған жер – тұнған шежіре» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Оны аудан әкімдігі мен аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мүшәйраға аудан аумағындағы елді мекендерден 10 талапкер қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады. Талапкерлерге ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мүсілім Қалмұратұлы, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Балтабай Ордабеков бастаған қазылар алқасы баға берді.
Байқаудың қорытындысында Қалжан ахун ауылының атынан қатысқан Жұмаділ Самат бас жүлде иеленді. Жүлделі І-орын ақжармалық Темірханов Айтмағанбетке бұйырса, Жетікөл ауылынан келген Байболов Бекназар мен Н.Ілиясов ауылының атынан сынға түскен Әлшоразова Гүлбарам ІІ-орын еншіледі. Ал Қоғалыкөл ауылынан қатысқан Есенбаев Байрон келесі жүлделі орынды иеленді. Сонымен бірге, айдарлылық Рахия Абдукәрімова арнайы жүлде алса, қалған талапкерлерге ынталандыру сыйлықтары берілді.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы ауданның 90 жылдық мерекесі аясында аталып өтілетін іс-шаралар ауқымды екенін және ауданның мерейтойы кеңкөлемде аталып өтілетінін айтты. Сондай-ақ, мүшәйрада жеңімпаз атанған талапкерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
01 наурыз 2018 ж. 1 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031