Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОСАЛЫДА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

ЖОСАЛЫДА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Жосалы кентіндегі «Жыраулар үйінде» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Алтын тұғыр – ақ орда, арайланған Астанам» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.
Айтысқа айдынды Аралдан бастап, қарт Қаратауға дейінгі аймақтан 8 жас қатысты. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені аралдық Бексұлтан Орынбасаров иеленсе, Қызылорда қаласынан қатысқан Зере Алмат бірінші, Сандыбай Піржан  екінші, ал жалағаштық Жақсылық Ешмұратов үшінші орын жүлдесін алды.
Сөз сайысында ерекшеленген Перизат Мешітбай (Жалағаш ауданы), Еркебұлан Серіков (Қармақшы ауданы), Мадияр Жасаңбаев (Қармақшы ауданы), Бекзат Серіков (Қазалы ауданы) ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
06 ақпан 2018 ж. 2 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930