Ардагерлер кеңесінде жаңа төраға
Аманкелді Әбдірахман 1948 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келген. 1965 жылы Балаби ауылындағы №50 Абай атындағы мектепті тәмамдаған. Орта білімді алған соң Алматы қаласындағы медицина институтына түсіп, оны 1973 жылы аяқтайды. Қолына диплом алып, жас маман атанған бойда ат басын туған өлкесіне бұрып, аудандық ауруханаға жұмысқа орналасады. 1974 жылы Шиелі аудандық ауруханасының тіс емханасы ашылып, соның бас дәрігері болады. Қанша жылдар бойы бір саланың майын ішіп, жілігін шаққаннан кейін өзі «Әдемі» аталатын жеке тіс емханасын ашады. Бүгінге дейін бұл тіс емханасының есігі жабылған емес. Халық арасында үздіксіз алғысқа кенеліп, жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар Аманкелді Әбдірахман 8 жыл аудандық денсаулық сақтау саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып та қызмет атқарды. Осындай еңбекқорлығы және өзгеге қамқор бола алатын қабілетін байқағандықтан маусымның 14-і күні Аманкелді Әбдірахман аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
«Өскен өңір» ақпарат.