Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әлем чемпионы болғанша боксты тастамайм". Жанқош Тұраров қазіргі жағдайын айтты

"Әлем чемпионы болғанша боксты тастамайм". Жанқош Тұраров қазіргі жағдайын айтты

Боксшының 15 нокауты бар және жеңілмеген. 
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) ұзақ үзілістен кейін карьерасын жалғастыруға дайындалып жатыр. Спортшы өзінің қазіргі жағдайы туралы Vesti.kz тілшісіне айтып берді. 
28 жастағы Тұраров жартылай орта салмақта жұдырықтасады. Кәсіпқой бокстағы карьерасын он жыл бұрын бастаған, алайда, 2017 жылдың қыркүйегінен рингке шықпады. Боксшы соңғы жекпе-жекте алған жарақатын жазып жүрді. 
- Иә, жаттығуды бастадым, қалпыма келіп жатырмын. Өзімнің бапкерім - Сағатбек Мұсаханов дайындап жатыр, - дейді боксшы. Жекпе-жекке қатысты әлі ештеңе айта алмаймын. Жақын күндері ақпарат болады. 
- Жарақат жазылды ма, бәрі дұрыс па? 
- Ий, қолымды емдегем. Бәрі жақсы. 
- 2017 жылдан бері жұдырықтаспадыңыз. Сағынған шығарсыз боксты? 
- Әрине, бокс менің өмірім. Әлбетте сағынамын. Бірақ алда әлі жақсы жекпе-жектер болады деген үміттемін. Әлем чемпионы атанбайынша, бокстан кетпеймін.

02 ақпан 2019 ж. 1 080 0