Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегін Монакода өткізеді

Данияр Елеусінов бесінші жекпе-жегін Монакода өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) бесінші жекпе-жегін 24 қараша күні Монакода өткізеді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы хабарлады.

 Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Үш қарсыласын да жеңді. Төртінші жекпе-жегін төрт күннен кейін Бостонда өткізеді. Қарсыласы - америкалық Мэт Доггерти (8-5-1, 4 КО). Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде орта салмақта WBO чемпиондық атағы үшін америкалық Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мен намибиялық Уолтер Каутондоква (17-0, 16 КО) жұдырықтасады. Қазақстандық кәсіпқой боксшы төртінші кездесуін өткізбей тұрып-ақ, бесіншісі қайда өтетіні анықталып үлгерді. Даниярдың бұл кездесудегі қарсыласы әзірге белгісіз.  

Монакодағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.

massaget.kz
16 қазан 2018 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (8721)

10 қыркүйек 2019 ж.

№69 (8720)

06 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам