Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Елеусінов екінші жеңісіне қол жеткізді

Данияр Елеусінов екінші жеңісіне қол жеткізді


Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Лондонда өткен бокс кешінде отандасымыз мажар боксшысы Золтан Шабоны жеңді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болды. 2 жыл ішінде 34 жекпе-жек өткізіп үлгерген Золтан да шыдап бақты. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз жеңіске жетті.

Бір қызығы Золтан Шабо 5 күн бұрын ғана жекпе-жек өткізіп, өз елінде жеңіске жеткен екен. Ал Данияр болса Лондонда өзге бір венгр боксшысы Габор Горбичпен жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда ол кездесуге бірер күн қалғанда жарақат алып қалды.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3-раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.
Қазақстандық боксшы келесі кездесуін қашан өткізетіні де белгілі болды. 28 шілде күні Лондонда аса ауыр салмақта британдық Диллиан Уайт пен кубалық Луис Ортис жұдырықтасады. Данияр осы бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы алдағы уақытта анықталатын болады.

07 маусым 2018 ж. 1 098 0