Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ЖҮКЕМБАЕВ ҚАРСЫЛАСЫН 35 СЕКУНДТА НОКАУТҚА ТҮСІРДІ

ЖҮКЕМБАЕВ ҚАРСЫЛАСЫН 35 СЕКУНДТА НОКАУТҚА ТҮСІРДІ


Бірінші жартылай орта салмақта қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Ноэ Нуньесті уақытынан бұрын жеңді.
Жекпе-жек канадалық Монреалда өтті. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ бірінші раундта-ақ аяқталды. Жүкембаев үшін 35 секунд жеткілікті болды. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді, бірақ ол орнынан тұрды. Алайда қазақстандық боксшы алған бетінен қайтпай, оны қайта құлатты. Жекпе-жектің ресми нәтижесі – Жүкембаев техникалық нокаутпен жеңді. Бұл 26 жастағы Жүкембаевтың 12 – жеңісі (10 нокаут), ал 30 жастағы Нуньес алты рет жеңіліп, 18 рет жеңген (13 нокаут) және бір рет тең түскен. Айта кетейік, 2015 жылы кәсіпқой бокста тұңғыш рет жұдырықтасқан Жүкембаев барлық жекпе-жегін Канадада өткізді, ал 2010 жылдан бері жұдырықтасып жүрген Нуньес Мексикадан тыс жерде екі рет қана кездесу өткізген. Бокс кешінің шеңберінде тағы бір қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Жеңіл салмақта Абылайхан Құсайынов мексикалық Хильберто Месаны жеңді. Жекпе-жек сегіз раундтқа жалғасты. Қорытынды бойынша Құсайынов жеңді. Бұл 26 жастағы Құсайыновтың кәсіпқой бокста өткізген сегіз жекпе-жегіндегі сегізінші жеңісі (алты нокаут), ал 23 жастағы Месаның қоржынында сегіз жеңіс пен осымен үшінші жеңіліс бар (бес нокаут) және бір рет тең түскен. Құсайыновтың кәсіби бокстағы алғашқы кездесуі 2015 жылы Қытайда өткен, қалған жекпе-жектері Канадада болды. Ал Месаның қазақстандық боксшыға қарсы жекпе-жегі отаны Мексикадан тыс жерде өткен тұңғыш кездесуі болды.
http://Vesti.kz

01 сәуір 2018 ж. 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (8730)

12 қазан 2019 ж.

№78 (8729)

07 қазан 2019 ж.

№77 (8728)

04 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам