Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшы АҚШ-та чемпиондық титулға ие болды

Қазақстандық боксшы АҚШ-та чемпиондық титулға ие болды


23 жастағы қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (6-0, 5 КО) тәжірибелі доминикандық Луис Инохосаны (31-13, 18 КО) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.


Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында өткен он раундтық жекпе-жекте Тұрсынғалиев жеңіске жетті. Осылайша, Мұса бос тұрған жартылай жеңіл салмақтағы «жастар» IBF чемпион белбеуі мен WBA NABA титулын жеңіп алды. Енді қазақстандықтың ресми рекорды - 7-0, алайда кейін BoxRec.com сайты оны Мексикадағы бірнеше табысты айқастармен толықтыруы мүмкін. Қазақстандықтан жеңіліп қалған Инохоса кәсіби жекпе-жекте 14-ші рет жеңіліп қалды. Айта кетсек, Тұрсынғалиев былтыр қарашада кәсіпқой рингке шығып, 27 күннің ішінде сегіз рет жекпе-жек өткізіп, мексикалық боксшыларды жеңіп үлгерді. 



22 наурыз 2018 ж. 1 649 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930