Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БҮКІЛӘЛЕМДІК БОКС КЕҢЕСІ GGG-ДІ «ЖЫЛ БОКСШЫСЫ» ДЕП АТАДЫ

БҮКІЛӘЛЕМДІК БОКС КЕҢЕСІ GGG-ДІ «ЖЫЛ БОКСШЫСЫ» ДЕП АТАДЫ


Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 9 қаңтар күні ұйымның өткен жылғы жұмыстарын қортындылап, жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы 9 номинация бойынша 2017 жылдың үздіктерін (The best WBC 2017) анықтады.

Қортындысында WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин ұйымның «Жыл боксшысы» және «Жыл жекпе-жегі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Тайландтық боксшы Срисакет Сор Рунгвисаи «Жылдың үздік нокауты», америкалық боксшы Деонтей Уайлдер «Жылдың үздік өнер көрсетушісі», Мигель Анхель Гарсия «Жылдың үздік қайта оралушысы», Флойд Мейвезер және Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек «Жыл оқиғасы», швециялық боксшы Баду Джек «Жылдың үлгілі чемпионы», мексикалық Мигель Берчельт «Жылдың жаңа супер жұлдызы», мексикалық Эдуардо Эрнандес «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша жеңімпаздары атанды. Айта кетейік, Геннадий Головкин 2017 жылы 12 раундтық 2 жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде «GGG» WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Джейкобсты (33-2-0, 29КО) төрешілер шешімімен жеңіп, мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34КО) белдесуі тең нәтижеде аяқталып, барлық чемпиондық атақтарын қорғап қалды.
inform.kz 
10 қаңтар 2018 ж. 1 144 0