Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралады

Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралады


Белгілі қазақстандық промоутер Болат Манкенов боксшы Бейбіт Шүменовтің кәсіпқой рингке оралу шешіміне қатысты пікірімен бөлісті, деп жазады Sports.kz.
«Бейбіт солай шешсе, неге оралмасқа? Бұл бокс, ол кәсіпқой, өзінің дене мүмкіндіктері мен психологиялық күйін біледі. Оған сәттілік және денсаулық тілейміз! Шүменовтің тәжірибесі мол. Бастысы, бұл өзге біреудің емес, өзінің шешімі болса екен. Жасы қырықтан асқан шағында оралып, жетістікке жеткендер де бар», - деді Манкенов.
Еске сала кетсек, Шүменов кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, соның 17-сінде жеңіске жеткен, 11 қарсыласын нокаутқа жіберген.
03 ақпан 2018 ж. 1 140 0