Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДОЙБЫДАН ӨТКЕН ДОДА

ДОЙБЫДАН ӨТКЕН ДОДА

Еңбектің киелі құдіретін дәлелдеген ардагерлерді ұлықтау, ғұмыр жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету – бүгінгінің парызы. Соның бір көрінісі – аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени- рухани дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды ардақтап, құрмет көрсету шараларын өткізу аудан үшін дәстүрге айналды.
Өткен сенбі күні Керделі ауылдық округі, №156 Нартай Бекежанов атындағы мектепте Қазақ ССР-і Жоғарғы кеңесінің І дәрежелі «Ана даңқы» және «Еңбек ардагері» иегері фельшер-акушер Айткүл Шарапованы еске алуға арналған ардагерлер арасында дойбыдан жарыс өтті. Оған жалпы 30-ға жуық ардагер қатысты.
Сайыстың мақсаты – аудандағы медицина саласында елеулі еңбек етіп, артында өнегілі өмір жолын қалдырған ардагерді еске алып, ұрпақ алдында есімін жаңғырту. Сондай-ақ ардагерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру болып табылады.
Аудандық турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары ­Арман Дүйсенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі сағатқа созылған тартысты бәсекеде ардагерлер өздерінің шеберліктерін танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан және ойынға белсенділік танытқан ардагерлерге арнайы алғыс хат пен «Ел намыс» спорт клубының медальі және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы ­бойынша жүлделі Әйелдер арасында ІІІ орынды Маржан Қадырова мен ­Райхан Әменова өзара бөліссе, ІІ орынды Жұмакүл Аширова қанжығалады. Ал сайыста бабы мен бағы қатар келген ардагер Айман Әбдіраманова І орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Ерлер арасында ІІІ орынды Қасымхан Аймаханов және Қуандық Тоқсейітов, ІІ орынды Б.Асанбеков иеленді. Ал сайыста Қамбар Қаденов жеңіс тұғырынан көрінді.
Осылайша дойбыдан өткен аудандық тартысқа толы бәсеке қызықты өтті. Өз кезегінде ардагерле де ұйымдастырушы тарапқа алғысын айтып, жарыстың сәтті өтуіне ризашылықтарын білдірді.

М.ИБРАГИМ
29 қыркүйек 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930